Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәресі ішу туралы не білуіміз керек?

Сәресі ішу туралы не білуіміз керек?

Сәресі — ораза ұстау кезінде түннің үшінші бөлігінде ішетін тамақ. Сәресі тамағының ерекшелігі туралы көптеген хадистер бар. Ораза ұстаған мұсылмандар үшін сәресінің үлкен мәні бар.

Амр бин Ас (р.а.) Пайғамбарымыздың: «Біз ораза мен кітап иелерінің оразасының айырмашылығы – сәресі ішуде», – дегенін жеткізген.
Әнас бин Малик (р.а.): «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар», – деген хадисті риуаят еткен.

Сәресі уақыты Хадисте Зайд бин Сабиттің (р.а.) Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге сәресі ішіп, сосын намазға тұрады. Әнас: «Екеуінің арасы қанша уақыт болды», – деп сұрағанда, Зайдтың: «Елу аят шамасынша»,– деп жауап бергені баяндалады. Сәресінің мөлшері Әбу Сағид Худрий (р.а.): «Сәресі – берекелі ас. Оны тастаушы болмаңдар. Тіпті, бір жұтым су ішсеңдер де…, – деген риуаят жеткізеді.


Ауызашар дұғасы
Ауызашар уақытында мына дұғаны оқу сүннет: “Аллаһуммә ләкә сүмтү уә бикә әмәнту уә аләйкә тәуәккәлтү уә ала ризқикә әфтартү уә саумәл-ғади мин шәһри рамазанә нәуәйту фағфирли мә қаддамту уә мә аххәрту”.
Мағынасы: “Уа, Алла! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым. Өзіңе сеніп, тәуекел еттім, берген рызығыңмен оразамды аштым. Рамазан айының ертеңгі оразасына да ниет еттім. Енді менің өткен және келешектегі күнәларымды кеше гөр!”
Естеріңізге сала кетсек, 6 мамырда басталған қасиетті Рамазан айы 4 маусымда аяқталады. Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусымда Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.
arhar.kz

20 мамыр 2019 ж. 4 525 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 248

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031