Түн тылсымын түзгендер
Ғылым мен білім күн санап түрлі жаңалығымен сүйсіндірсе де, өмірде әлі де сыры ашылмаған, адамзатқа жұмбақ құбылыстар бар. Солардың бірі – айкезбелік. Түнде ұйқысынан оянып, орнынан тұрып, еріксіз әрекетке баратындар көптеп кездеседі. Ол ауру ма, әлде өзге себептен туындайтын жайт па? Айкезбеге шалдыққандар ай бағытына орай өзгере ме? Түн тылсымын түзген адамдар туралы ғылым не дейді? Оның сырын тарқатуға бел будық...
Көшпелі өмір сүре жүріп, табиғи өзгерістерді терең меңгерген халқымыз ондайды «айкезбе» деп атаған. Ай ғаламшары жердің жалғыз табиғи серігі. Аңыздарға зер салсақ, ертеде адамдарда ай өздеріне ғашық болады деген сенім болған. Мұндай жандар ай толысқан кезде өзгеріске түсіп, қайтқанда қайтадан қалпына келеді. Айкезбе болғандар күндіз дағдылы қимыл-әрекеттерді орындайды, түн мезгілінде өзінен-өзі ұйқылы күйінде жүріп кетеді, кейде өзі білмейтін әртүрлі істер жасай алады. Ғалымдардың айтуынша, бүгінгі таңда жер шары тұрғындарының 2,5 проценті осы айкезбемен ұшырасады. Олардың 25 проценті көзі ұйқыда жүріп, түрлі дене жарақаттарын алатын көрінеді.
Күмісай РАХАТ,
дәрігер:
– Медицина тілінде оны «сомнамбулизм» деп атайды. Егер адам түн мезгілінде 3-4 рет оянып, төсегінен тұрып кетсе немесе ұйықтап жатып үнемі сөйлеп жатса, бұл сомнамбулизмнің белгілері саналады. Мұндай жағдай нерв жүйесінің салдануымен байланысты орын алады. Соңғы зерттеулер аталмыш құбылысты тұқым қуалаушылық аурулар санатына жатқызуда. Бірақ бұл түбегейлі шешім емес.
Мұндай белгілер басталған жағдайда дереу невропатологке барып көрінген дұрыс.
Мұндай белгілер басталған жағдайда дереу невропатологке барып көрінген дұрыс.
Айнаш ЕРДЕНҚЫЗЫ,
зейнеткер:
зейнеткер:
–Айкезебелік көптеген адамдарда болады. Әсіресе балалар арасында. Мен оның кейін қалып қойғанын да, қалмағанын да көрдім. Білетінім, мұндай адамдар үнемі шаршаңқы жүреді. Көрген адамға қорқынышты. Ондайды бабалар бақсыға ұшықтатып, қорықтық құйдырып емдеген. Одан бөлек аяқтың астына сулы шүберек қоятынын да көргенмін. Менің бір інімде айкезбелік болды. Білмейтіндердің зәресі қалмайтын. Қалғанымыз кезек-кезек «кезекшілікке» тұрамыз. Ол ұйықтап жүріп, қорым маңына, көлшікке кетіп қалатын, тіпті киіз үйдің басқұрына да өрлей беретін. Ал түнде істеген ісін ояуында жасай алмайды. Қазір медицина дамыды, емі де бар шығар. Бақытымызға орай, кейін ініміз ол дертінен құлан-таза айықты.
Гүлжамал АЛДАНҚЫЗЫ:
– Кішкентайымызда ауылда бір шағын қоржын тамға көшіп келдік. Біз қоныстанғанша біраз уақыт бос тұрған. Бір кездері тері жинайтын колхоз қоймасы болған. Қойшы отбасына дайын үй қайдан кездессін. Бізге тигені осы болғаны ма, әлде уақытша паналауды мақсат тұтты ма, ол жағын анық білмеймін. Бірақ сол үйде ұзақ уақыт тұрдық.
Сол кезде кеш батса, бәріміз ыңылдап, «бастырылып» жатқандай, түсініксіз әуенмен әңгімелер айтып, бірде күліп, бірде жылап шығамыз. Анамның айтуынша, мен ұйқыда жүріп көбіне далаға шығып кетеді екенмін. Бойжеткен жасқа жеткенше мұндай түсініксіз жайт жиі кездесті. Ата-анам тұрмысқа шыққанымда қатты уайымдаған еді. Бірақ одан кейін мұндай іс қайталанбапты. Кейіннен сонда көшіп барған адамдар біраз уақыт тұрғаннан кейін, баспананы жаңартпақ болып бұзғанында, менің бөлмемнің астынан қыз баланың мүрдесін тапқан.
Сол кезде кеш батса, бәріміз ыңылдап, «бастырылып» жатқандай, түсініксіз әуенмен әңгімелер айтып, бірде күліп, бірде жылап шығамыз. Анамның айтуынша, мен ұйқыда жүріп көбіне далаға шығып кетеді екенмін. Бойжеткен жасқа жеткенше мұндай түсініксіз жайт жиі кездесті. Ата-анам тұрмысқа шыққанымда қатты уайымдаған еді. Бірақ одан кейін мұндай іс қайталанбапты. Кейіннен сонда көшіп барған адамдар біраз уақыт тұрғаннан кейін, баспананы жаңартпақ болып бұзғанында, менің бөлмемнің астынан қыз баланың мүрдесін тапқан.
Лейля БАЗАРБЕКҚЫЗЫ,
психолог:
–
психолог:
–
Айкезбе ұғымын тек аймен байланыстырудың қажеті жоқ. Психологиялық тұрғыдан келгенде «айкезбе» сөзі үрейлі қорқыныш пен ерекшелікке толы ұғым. Бұл ауру көбіне жасөспірімдер мен кішкентай балаларда жиі кезігеді. Ал, ересектер арасында сирек жолығатын құбылыс саналады.
Кейде психикалық ауытқуы бар немесе стресс алып, нашақорлықпен айналысып, ішімдік ішкен адамдардың да жүйке жүйелеріндегі кикілжің осы ауруға шалдықтырады. Айкезбелік туралы, біржақты қарауға болмайды. Ол зерттеуді қажет ететін үлкен тақырып.
Кейде психикалық ауытқуы бар немесе стресс алып, нашақорлықпен айналысып, ішімдік ішкен адамдардың да жүйке жүйелеріндегі кикілжің осы ауруға шалдықтырады. Айкезбелік туралы, біржақты қарауға болмайды. Ол зерттеуді қажет ететін үлкен тақырып.
Айкезбелерді оятуға болады ма?
Сіз мұндай жағдайдың куәгері бола қалсаңыз, дұрыс шешім қабылдау маңызды. Оларды ешқашан оятуға болмайды. Себебі, психологиялық тұрғыдан жарақат алуы не сізге кесірін тигізуі әбден мүмкін.
Айкезбелер қайғылы жағдайға ұшырамас үшін мамандар жатын бөлменің терезесіне мықтап тор қағып қою, адамдардың жүретін жолдарынан электр құралдары, тез сынатын шыны бұйым мен үстел, тағы басқа өткір заттарды алып тастау, ұйықтап жатқанда дала кезіп кетпес үшін аяғынан шандып байлап қою секілді қарапайым кеңестерді ұсынады.
Себебі, ұйқыда жүрген адам өзін жарақаттамаған күннің өзінде басқаларға қауіп төндіруі мүмкін.
Қызықты жайт
Әлемде айкезбелік салдарынан орын алған оқиғалар мен қанды қылмыстар көптеп кездеседі. Олардың қатарында биіктен құлап кету не суық қарулармен өздерін зақымдау жиі ұшырасатын көрінеді.
Үндістанның Мумбай қаласындағы Санжиуан емханасының тұсынан өтіп бара жатқан екі жігіт қалта телефондарының таспасына ерекше көріністі түсіріп алады. Емхана қабырғасымен жоғары өрмелеген, шашын жайып жіберген әйелдің әркетін куәгерлер жын буғанға санайды. Бұл, кәсіби альпинистердің өзін тәнті еткен әрекет айкезбелік деп топшыланған.
Деректерде сомнамбулизм жағдайында автөкөлік басқарған деген әңгіме бар. Бірақ дәрігерлер мұны жоққа шығарады. Олардың айтуынша, ондай күрделі әрекеттерді айкезбелер орындай алмайды. Айкезбе автокөлікті от алдыруы мүмкін, бірақ оны әрі қарай басқаруға қабілеті жетпейді. Себебі, сомнамбуланың әркеті ояу кезіндегідей емес, баяу жұмыс істейді екен.
Айару ЕРКІН