Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарымсақты көп жесе не болады?

Сарымсақты көп жесе не болады?

Сарымсақты көбірек жегеннен ішек микрофлорасы жақсарады. АҚШ-тың Луисвилл университеті ғалымдары сарымсақты көп жесе, не болатынын зерттеп көрді.
Зерттеу барысында анықталғандай, сарымсақ адам қартайған сайын мида пайда болатын өзгерістердің алдын алып, есте сақтау қабілетін жақсартады екен. Бұл мақала Eurekalert басылымында жарияланған.
- Сарымсақтың құрамында аллил сульфидтер деп аталатын қосылыс бар. Соның арқасында тамаққа сарымсақты пайдалану адамның ішек микрофлорасын сақтауға және қарт адамдардың ойлау қабілетін жақсартуға септігін тигізеді", - дейді тәжірибенің авторы, доктор Джиортимий Бехер.
Ішек микрофлорасының маңыздылығы микробиологтарға баяғыдан белгілі, бірақ оның есте сақтау қабілетіне қалай әсер ететінін көп ешкім айта бермейді. Жас ұлғайған сайын ішек микробиотының түрі азайып кетеді, ал бұл ағзаның ойлау қызметімен тікелей байланысты.
Тышқандарға жасалған тәжірибе кезінде олардың тамағына аллил сульфид қосқан. Кейін басқа кеміргіштермен салыстырғанда, олардың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті жақсарғаны анықталған.
15 сәуір 2019 ж. 1 843 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 248

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031