Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіс пастасы рак ауруына шалдықтырады — ғалымдар

Тіс пастасы рак ауруына шалдықтырады — ғалымдар

Тіс пастасы, сабын және дезодоранттар құрамында болатын триклозан ішек рагын қоздырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Амхерстегі Массачусетс университетінің ғалымдары гигиеналық заттар құрамында болатын триклозанның ракқа шалдықтыратынын анықтады. Бұл туралы MedicalXpress порталы жазды.
Мамандар триклозанды сау және денсаулығы нашар зертханалық тышқандарға берді. Нәтижесінде зерттеу жұмысына қатысқан барлық тышқанның рак ауруына шалдыққаны белгілі болды.
Триклозан ішек микрофлорасын өзгертеді. Ол бифидобактериялар мөлшерін азайтып, олардың түрленуіне кері әсерін тигізеді. Ғалымдар осы зерттеу жұмысын әрі қарай да жалғастырып, триклозанның адам денсаулығына қалай әсер ететінін анықтауды ұсынды.
Триклозан дегеніміз – бактерияға қарсы синтетикалық агент. Қазіргі таңда оны ыдыс жуатын құралдарға, тіс пастасына, сабын мен дезодорантқа қосады. Сондай-ақ, триклозан пломбы қояр алдында тісті тазарту үшін қолданылады.
Baq.kz
05 маусым 2018 ж. 2 133 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930