Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сирек кездесетін дертке шалдыққан ер адам “ағашқа” айналып барады

Сирек кездесетін дертке шалдыққан ер адам “ағашқа” айналып барады

Бангладеште сирек кездесетін дертке шалдыққан Абул Бажандар «ағаш адам» атанып кеткен. Бүгінде ол ауруханаға түсіп қалды.
Бажандар верруциоформалы эпидермодисплазия дертіне шалдыққан. Мұндай ауру кезінде денеге сүйел қаптап, нәтижесінде тері ағаштың қабығына ұқсас болып кетеді. 2016 жылы 26 жастағы ер адам бірінші рет дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Ол кезде дәрігерлер пациенттің денесінен алған өсінділердің салмағы 5 келіні құрады, деп хабарлайды South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Бажандару содан бері 25 ота жасатып, ұзақ уақыт ем-дом алған. Дәрігерлер аурудың жеңдік деп үміттенгенімен, мамыр айында ауру белгілері қайта пайда болып, асқынып кетіпті. Сол кезде ер адам емнің басқа түрін іздеу үшін аурханадан қашып кетеді.
Алайда оған ешкім көмектесе алмады. Ол 20 қаңтарда қайтадан ауруханаға қайтып келді. Бүгінде Бажандардың жағдайы нашарлап кеткен. Ендігі оның алақаны мен табаны сүйелден көрінбейді.

Пластикалық хирург Саманта Лал Сеннің сөзінше, жақында ем жүргізіле бастайды. Ол дәрігерлерге емді «басынан бастауға» тура келетінін айтты.
Ал елдің премьер-министрі ер адамға ем үшін ақша төлемеуіне болатынын мәлімдеді. Бажандар бұған дейінгідей қымбат палатаға жатқызылады. Оның жанында әйелі мен қыз болады.

Uptodate медициналық ресурсының мәліметінше, бұл дерт әлем бойынша 501 адамда кездескен.
23 қаңтар 2019 ж. 1 385 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 146

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 151

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031