Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шошқаның еті неліктен арам?

Шошқаның еті неліктен арам?

Дәуіт пайғамбар бір дінбасының қатты бұзылғанын естиді.
Дінбасы түнде әйелі де, өзі де көңілдестерімен бір үйде зина жасайды, күндіз халыққа уағыз айтады екен. Дәуіт анық-қанығын білу үшін бір батырын жұмсайды. Ол дінбасын іздеп келеді. Қараса әйелі екеуі көңілдестерімен сайран құрып отыр екен. Батыр ашуланып, барлығын шауып тастайды. Дінбасының бөлінген денесінен екі шошқа пайда болады. Ол екеуін де шабады. Бірақ ол төртке көбейеді. Төртеуін шапса, ол сегізге айналады. Шошқаны қанша бөлшектесе, сонша есеге көбейе беріпті. Амалы құрыған батыр пайғамбарға келеді:
- Ей, Дәуіт, дінбасыны өлтіріп едім, шошқаға айналды. Шошқаны өлтірсем, көбейе береді. Не істеймін? - дейді. Дәуіт:
- Дінбасы Алланың кәріне ұшыраған. Жер қабылдамады. Азғаны үшін шошқаға айналды. Енді Қияметке дейін араларыңда шошқа болып өмір сүреді. Одан қашық жүріңдер, - депті.
Материал "Әлдиден эпосқа дейін" кітабынан алынды.
23 қазан 2018 ж. 2 575 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930