Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайлық ер адам қызын 24 жыл іздеп, тауып алды

Қытайлық ер адам қызын 24 жыл іздеп, тауып алды

Қытай тұрғыны Ван Мин Цин 3 жасында жоғалтып алған қызын 24 жылдан кейін тауып алды. Ол 24 жыл бойы қызын іздеуді тоқтатпаған. Тіпті, қызы жолаушы болып кездесіп қалар ма екен деп, такси жүргізушісі де болған.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, BBC-ге сілтеме жасап.
Ци Фэн атты қыз 3 жасында жоғалып кеткен. Ван Мин Цин мен әйелі Лю Дэн Ин жеміс-жейдек сатушысы болған. Бір күні кешкі уақытта Ван Мин Цин көрші бутикке ақша ұстауға кеткен, қайтып келсе қызы Ци Фэн орнында жоқ болып, табылмай қалған.
Содан бері олар қызына іздеу жариялады. Барлық қала, ауылдарға хабар берді. Бала жоғалғаны туралы хабарландырулар ілді, гаазеттер мен түрлі сайттарға хабарландыру жариялады.
Ерлі-зайыптылардың Ци Фэннен басқа ұлы мен қызы болған. Олар қызы табылып қалар деген үмітпен Чэнду қаласынан басқа жаққа көшпеген.
2015 жылы Ван қызын іздеудің аумағын кеңейтпен болып Didi Chuxing компаниясына такси жүргізушісі болып қызметке тұрды.
Көлігінің артқы терезесіне бірнеше жыл бұрын қызының жоғалғаны туралы хабарландыру іліп қояды. Ванда Ци Фэннің суреті болмағасын, оның орнына жоғалған қызына қатты ұқсайтын кіші қызының суретін жапсырып қойған.
Ванның жолаушылары әлеуметтік желіге әкесінің бірнеше жыл бұрын жоғалтқан қызын іздеп жүргені туралы жазбалар жариялаған. Бұл оқиғаны естіген қытайлық газет назар аудара бастаған.
“Бір күні қызым менің көлігімді тоқтатып қалар”, – дейді Ван журналистерге.
Полиция да қызға іздеу жариялады. Бірақ сәтсіз болды. Ци Фэнға ұқсайтын әр қыздың ДНҚ-сын тексерсе, үнемі сәйкес болмай шығады.
Бірде полицияда жұмыс істейтін суретші Ци Фэннің ересек жасына ұқсап қалады-ау деген оймен сурет салып шыққан. Қыздың портреті интернетте тарап кетті.
Сөйтіп Қытайдың солтүстігінде, Ван отбасына 1000 шақырым жерде тұратын 27 жастағы Кан Ин есімді әйел суретті көріп, өзіне қатты ұқсайтынын байқаған.
Әйел Ванға суреттің өзіне ұқасйтыны туралы жазып, оның да маңдайында тыртық барын айтқан.
Олар ДНҚ сараптамасын жасатады. Нәтиже оң болып шығып, Ван жоғалған қызын тауып алды.
2 сәуірде Ван алғаш рет қызы Кан Инмен дыбыстық хабарлама арқылы сөйлеседі.
“Дәл осы сәттен бастап әкең сенімен бірге, саған ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ, әкең саған көмектеседі”, – деді Ван қызына.
3 сәуірде Кан Ин өзінің күйеуі, ұлы мен қызын ертіп Грин провинциясынан Чэндуге ұшып келді.
Кан Ин анасымен кездесіп айрылмастай құшақтап, жылап жіберді.
“Бүкіл әлем менің анам жоқ деп жүр, ол бар екен. 24 жыл бойы нендей күй кешкенімді айтып жеткізе алмаймын. Қазір біз біргеміз”, – деді Кан Ин журналистерге.
Жергілікті басылымдардың жазуынша, Кан Ин Чэндуден 20 км қашықтықтағы қалада өзін асырап алған ата-анасының жанында өскен. Асыраушы ата-анасы қызды Чэндудегі жол бойынан тауып алғанын айтты.
04 сәуір 2018 ж. 1 901 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930