Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Итінің кесірінен аяқ-қолы мен мұрнынан айырылған жігіт жануарынан бас тартпады

Итінің кесірінен аяқ-қолы мен мұрнынан айырылған жігіт жануарынан бас тартпады

Иттегі бактериялардың кесірінен аяқ-қолы мен мұрынынан айырылған америкалық Грег Мантейфель ауруханадан шығарылып, үй жануарымен қайта қауышты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Итінің кесірінен аяқ-қолы мен мұрнынан айырылған жігіт жануарынан бас тартпады
АҚШ-тың Висконсин штатындағы Вест-Бенд қаласының тұрғыны инфекция және оның салдары иттерге деген сүйіспеншілігін ешқашан жоя алмайды дейді.
«Ауруханадан шыққан кезде сүйікті итімді көруге қатты асықтым», – дейді аяқ-қолынан айырылған жігіт.
Ол иттің кесірінен аяқ-қолдан айырылу мүмкіндігі «бес рет лотореяны ұтып алу» ықтималдығынан да аз деп, жануар иелерін инфекциядан қорқып олардан бас тартпауға шақырды.
Мантейфель беті мен денесі «біресе көгеріп, біресе қызара» бастаған соң маусым айының соңында ауруханаға барды. 48 жастағы ер адам тұмау жұқтырып алдым деп ойлаған. Бірақ сынақ нәтижесі оның қанында Capnocytophaga canimorsus бактериясының бар екенін көрсетті. Ол әдетте иттер мен мысықтардың аузынан табылып жатады. Бактерия адам ағзасына жануар тістеген кезде немесе басқа тығыз байланыс арқылы енуі мүмкін.
Инфекция Мантейфельдің денесінде қан қысымының төмендеуіне әкелді. Аяққа қан жеткілікті құйылмағандықтан, тіндер өліп кетіп, гангрена басталған. Ал, бүл жағдайда науқас тіпті өліп кетуі мүмкін. Сондықтан, дәрігерлер науқасты аман алып қалу үшін оның қолын, аяқтарын және мұрнының бір бөлігін кесіп тастауға мәжбүр болды.
03 қазан 2018 ж. 1 575 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 151

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930