Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Майк Тайсон көшіп келмекші

Майк Тайсон көшіп келмекші

Аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон Өзбекстан астанасы Ташкенттен үй сатып алды. Боксшы Tashkent City халықаралық іскерлік орталығындағы Gardens Residence деп аталатын жаңа тұрғын үй кешеніне инвестиция жасаған екен.
Trend басылымының жазуынша, ғимарат 2019 жылдың аяғы мен 2020 жылдың басында пайдалануға берілмек. Майк Тайсон ауыр салмақта сынға түсіп, кәсіпқой бокс арқылы атағы шартарапты шарлаған бірегей аңыз спортшы саналады. Ол 1982 жылы ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанғаннан кейін WBC,WBA, IBF, The Ring тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарын еншілеген. Лас-Вегаста өткен WBC нұсқасының 49-ыншы дәстүрлі конвенциясында ең жылдам нокауттар жасағаны үшін және ауыр салмақтағы ең жас чемпион ретінде екі бірдей сертификатпен марапатталып, аты Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Тайсонның мына рекордтары әлі күнге дейін мұртын бұзбай тұр:
Ауыр салмақтағы ең жас әлем чемпионы (20 жас, 144 күн);
Ауыр салмақтағы ең жас абсолютті чемпион (21 жас);
Ауыр салмақта чемпиондық титулдар мен абсолютті чемпион атану бойынша ең аз уақыт жұмсаған боксшы (1 жыл, 8,5 ай және 2 жыл, 5 ай);
Үш негізгі титулды бірінен соң бірін қатарынан жеңіп алған тұңғыш әрі бірегей спортшы;
Спорт тарихындағы ең көп қаламақыға ие болған ауыр салмақтағы боксшы; Бокс тарихындағы ең қымбат 10 жекпе-жектің алтауы Тайсонға тиесілі;
Абсолютті чемпион атағын (WBC, WBA, IBF) қорғаған жалғыз боксшы (6 рет);
Ең жылдам нокауттардың авторы (1 минутқа жетпей 9 нокаут жасаған);
Жасөспірімдер олимпиадасындағы ең жылдам нокауттың авторы (8 секунд).

Абай Аймағамбет
27 қыркүйек 2018 ж. 1 009 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031