Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айбек Нұғымаров Азияның абсолютті чемпионы атанды

Айбек Нұғымаров Азияның абсолютті чемпионы атанды

«Қазақстан барысы» және «Әлем барысы» атанған қазақ балуаны Айбек Нұғымаров Астанада Қазақ күресінен өткен Азия чемпионатында абсолютті салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айбек финалда Моңғолия балуаны Серік Бердімұратпен шықты. Бұл екеуі бір-біріне бұрыннан таныс қарсылас. Көпке бармай, өткен жылғы «Әлем барысын» еске салсақ, дәл осы екі балуан жартылай финалда белдесіп, ол кездесуде Айбек басым түскен болатын. Бұл жолы да Айбек қарсыласынан айласын асыра білді. Чемпионаттың қола жүлдесін Жапония балуаны Танимото Сузукиді жеңген тәжікстандық Дадохан Курбаналиев еншіледі.

 Бұдан бұрын Серік Бердімұрат аталған чемпионатта +100 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған болатын. Айта кетсек, осыған дейін Азия чемпионатында 8 салмақ бойынша бірінші орын 4 қазақ және 3 моңғол, 1 түрікменстандық балуандарының еншісінде кетті. Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасты.
27 тамыз 2018 ж. 1 536 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 126

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930