Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедек жігіт роботтың көмегімен официант болып жүр

Мүгедек жігіт роботтың көмегімен официант болып жүр

Жапонияда мүгедектерге көмектесетін робот аватарларға сынақ жүргізілуде. Бұл технологияны алғаш болып Нозоми Мурата есімді мүгедек қолданып көрді. Ол қаладағы мейрамханалардың бірінде қашықтан жұмыс істейтін официант ретінде қызмет атқарады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Адам секілді Orihime-D роботы өзінің иесіне интернет арқылы байланысады. Жаңа робот камера мен сенсордың көмегімен жұмыс істейді. Осылайша, жүйеге қосылған пайдаланушы аватардың көмегімен қашықтан жұмыс істей алады.
Құрылғыны бірінші болып Нозом Мурата есімді жапон жігіті қолданып көрді. Ол қаңқалық бұлшықеттердің семуінен зардап шегеді. Ер адам өздігінен жүре алмайды, бірақ ол аватардың көмегімен мейрамханардың біріне официант ретінде жұмысқа орналасты.
Orihime-D өте ыңғайлы робот. Оның бойы 1,2 метр, салмағы – шамамен 20 келі. Жүйені пилоттық іске қосу қараша айының соңына жоспарланып отыр. Сондықтан Муратадан басқа да бірнеше мүгедек жапон мейрамханаларында жұмыс істейтін болады. Әзірлеушілердің айтуынша, аватарды тіпті өздігінен мүлде қозғала алмайтын мүгедектер де басқара алады.
stan.kz
25 қыркүйек 2018 ж. 1 549 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 73

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 78

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930