Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Toyota компаниясы 1 миллион автокөлікті қайтарып жатыр

Toyota компаниясы 1 миллион автокөлікті қайтарып жатыр

Toyota компаниясы әлем бойынша өрт шығу қаупі бар 1 миллион гибридті автокөліктерін қайтарып алып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.
Бүгін автоөндіруші компания қауіпсіздік туралы ескерту гибридті Prius және C-HR SUV автокөліктерінде қатысты екенін, сол себепті бұл маркалардың электронды жүйелеріндегі проблемаларды шешу мақсатында оларды қайтарып алатындарын айтты. Сонымен қатар бұл проблемалар өрт қаупінің пайда болуына әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Айта кету керек, бұл автокөліктердің жартысынан көбі Жапонияда, ал АҚШ-та бұл маркаларды тек 200 мың адам сатып алған. Қалған автокөліктер Еуропа мен басқа мемлекеттердің нарығына кеткен.
Toyota өкілдері проблеманың автокөлік қуаттылығын басқаратын блокпен байланысты сымдарда екенін айтты.
«Егер бұл сымдардағы жылу артса, автокөліктің өртену қаупі көбейеді», деді CNN басылымына берген сұхбатында Toyota компаниясының Токиодағы өкілі.
Бұл проблема 2015 жылдың маусым және 2018 жылдың мамыр аралығында өндірілген автокөліктерге байланысты айтылған. Компания бұл көлік иелеріне аталған ақауды тегін реттеп беретінін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы компания тежегіштердегі проблемаға байланысты 1,7 миллион автокөлікті қайтарып алған еді.

06 қыркүйек 2018 ж. 1 744 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930