Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бір тәулікте үш адам суға кетті

Қазақстанда бір тәулікте үш адам суға кетті

14 маусым күні Қазақстанда рұқсат етілмеген жерде шомылған 3 адам суға кетіп, мерт болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болып отырғандай, үш оқиғаның екеуі рұқсат етілмеген жерде суға түсудің салдарынан болса, үшінші жағдай балық аулап жүрген кезде орын алған.
«Жамбыл облысының Шу ауданы Қонаев ауылында түсуге тыйым салынған суару каналына 1968 жылғы азамат батып кеткен. Сондай-ақ Атырау облысының Индер ауданы Индер кентіндегі Орал өзенінде 2000 жылы туған бала суға кетті», - деп атап өтті Р.Иманқұлов.
Сонымен қатар, 14 маусым күні Қызылорда облысының Қазалы қаласындағы «Оң жаға» каналында балық аулап жүрген жерінде 1989 жылғы азамат көз жұмған.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті 11 маусымдағы жағдай бойынша 35 адамның суға кеткенін, олардың 15-і балалар екенін хабарлады.
Комитет демалыс басталғандықтан, ата-аналарға балаларына ерекше назар аударуды сұрайды.
15 маусым 2018 ж. 1 523 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 148

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 175

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 139

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 177

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031