Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда ата-анасы қайтыс болған соң, 4 жылдан кейін сәби дүниеге келді

Қытайда ата-анасы қайтыс болған соң, 4 жылдан кейін сәби дүниеге келді

Қытайда ата-анасы көлік апатынан қаза тапқан соң, арада 4 жыл өткенде сәби дүниеге келді. Оны суррогат ана жарық дүниеге әкелген. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2013 жылы көлік апаты болғанға дейін ерлі-зайыпты бірнеше эмбрионын мұздатып қойған екен. Осылайша қаза болған жұп жасанды ұрықтандыру арқылы сәбилі болуды мақсат еткен.
Апатқа ұшырап ерлі-зайыпты қаза тапқан соң, олардың ата-анасы эмбрионды қолдану үшін сотқа арызданып, ұзақ уақыт күрескен. Аталған оқиға туралы алғаш болып хабар таратқан Beijing News газеті бұрын-соңды мұндай оқиға болмағаннан кейін заңда қарастырылмағандықтан, сәбидің ата-әжесі бастарынан өткерген оқиғаларды жазды.
Көлік апаты орын алған кезде эмбриондар Нанкин қаласындағы емханада сақталып тұрған. Мұздатылған эмбриондар минус 196 градуста сұйық азот ішінде сақталыпты.
Ұзаққа созылған заңнамалық дау-дамайлардан соң сот қаза тапқандардың ата-аналарына, яғни, 4 адамға эмбриондарды қолдану құқығын берген. Қытайда бұрын-соңды ата-әжелерінің өз балалары сақтап қойған эмбрионнан пайда болған сәбиді асырап алу оқиғасы болмаған.
Ата-әжелері үшін аталған оқиға оңайға тимегенін айта кету керек. Себебі, Нанкин емханасынан шығарылған эмбриондарды өзге медициналық орталықтар алуға асықпаған. Суррогат аналар қызметіне де Қытай Үкіметі тыйым салғалы қашан. Сондықтан ерлі-зайыптының ата-аналары эмбриондарды шетелге шығарып, Лаостағы суррогат аналардың көмегіне жүгініпті. Лаос Үкіметі суррогат аналыққа заңды түрде рұқсат берген. Тағы бір проблема – бірде-бір авиакомпания сұйық азот құйылған термосты ұшаққа алуға келіспепті. Сондықтан эмбриондар салынған ыдысты ерлі-зайыптының ата-аналары Лаосқа көлікпен жеткізген.
Бір қызығы, Тянтянь есімді сәби Лаоста емес, Қытайда дүниеге келді. Оның суррогат анасы қарапайым туристік виза алып, Қытай жеріне оп-оңай сапар шегеді. Дүниеге келген ұл баланың ата-анасы 4 жыл бұрын апаттан қаза тапқандықтан, оның екі әжесі мен екі атасы ДНК анализін тапсырып, Тянтянь өздерінің немересі екенін дәлелдепті. Енді балақайдың азаматтық алуы шешілуде. Баланың анасы да, әкесі де қытайлық азамат болғандықтан, Қытай Үкіметі бұл балаға азаматтық беруі тиіс дейді ата-әжелері.
13 сәуір 2018 ж. 2 580 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930