Телефонға телмірген турист таудан құлап мерт болды
Қытайда телефонына телмірген турист таудан құлап қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
20 жастағы ер жігіт әкесімен бірге Қытайдағы Цзюхуа тауындағы будда ғибадатханасын аралауға барады.
Дереккөзінің жазуынша, таудың басына қарай жаяу шыққан жігіт ғибадатхананың сыртында демалып алу үшін орындыққа отырады. Сол жерде ол телефонына үңіліп отырып, орындықтың арқалығына сүйенбекші болған.
Телефонға қарап отырған ол орындықтың арқалығы жоқ екенін байқамаған.
Белгілі болғандай, жігіт шалқайып қалған сәтте жеті метр болатын биіктіктен құлап, қаза тапқан. Қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған көрінеді.