Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пентагон: Ресей әскері сақадай сай тұр

Пентагон: Ресей әскері сақадай сай тұр

Ресей әскері ЛХР мен ДХР аумағына келіп, әскери іс-қимылға сақадай сай тұр. Бұл туралы АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ Пентагон Еуропаға 800-дей американдық сарбаздың және ұшақтар мен тікұшақтардың орналастырылғанын жеткізді.
Джон Кирби, Пентагон өкілі: - Ресей әскерінің Украина шекарасына өте жақын келіп жатқанын көріп отырмыз. Олар Украинада әскери операция жасауға сақадай сай тұр. Олар дайын. Біз бұған сенімдіміз. "Дайын" деген сөзден артық әзірге ештеңе айтпай-ақ қояйын. Құрбандық, қиын-қыстау заман болады. Жағдай соғысқа апара жатқан сияқты. Түкке қажеті жоқ соғыс. Ал Украинада төтенше жағдай жарияланды. Ресей басқыншылығына байланысты резервтегі азаматтарды әскер қатарына шақыру жалғасып жатыр. Ресми Киев Біріккен Ұлттар Ұйымына Кремльдің отарлау жоспарын тоқтатуды сұрап, ресми хат жолдады. Ал Ресейдің өкілі "Украинаның шығысындағы орыстілді қауымды геноцидке ұшыратып, қарап отыра алмаймыз" деп қарсы уәж айтқан. Бірақ бұл пікірмен БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш пен АҚШ өкілдері келіскен жоқ. Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы: - Украинадағы қақтығыс ушықса, әлем көптеген жылдар бойы болмаған зорлық-зомбылыққа куә болуы мүмкін. Ақылға жүгініп, жанжалға қарсы тұратын кез келді. Бұл жерде қақтығысты одан сайын ушықтыратын іс-әрекеттер мен мәлімдемелерге жол беруге болмайды. Украина халқын соғыс өртінен аман алып қалу үшін оқ атуды тоқтатып, диалогқа көшуіміз керек.

24 ақпан 2022 ж. 459 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930