Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талибандар бейбіт тұрғындарға шабуыл жасай бастады

Талибандар бейбіт тұрғындарға шабуыл жасай бастады

CNN телеарнасының хабарлауынша, Талибандар Ауғанстанның Фараб провинциясында төрт баланың анасын ұрып өлтірген. Содан кейін олар жалғызбасты әйелдің үйін өртеп жіберген. Бұл туралы Orda.kz Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлады.
– Үйге 15 бұзақы кіріп, анама тамақ дайындауды бұйырды. Анам кедей тұратынымыз бен үйде тамақ жоқтығын айтқанда олар оны ұра бастады. Артынша анамды автоматпен атып өлтірді, – деді марқұм әйелдің 25 жастағы қызы.
Еске салсақ, Кабулдан 150 шақырым жерде орналасқан Жалалабадта талибтер наразылық білдірушілер тобына оқ жаудырып, үш адамды өлтіріп, он шақты адамды жарақаттады.
Сондай-ақ, 18 тамызда Талибандар бұрынғы үкіметті қолдайтын төрт ауған қолбасшысын көпшілік алдында атып өлтірген. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, бұл оқиға Кандагарда болған.
Бейнежазбаны желіде жергілікті журналист жариялаған. Кадрларда провинция орталығының стадионының жанында мыңдаған адам жиналғанын көруге болады. Тілші адамдардың көпшілік алдында жазалау үшін жиналғанын айтады.
– Талибандар Кандагар стадионында Хашим Регвал есімді генерал Раззакка жақын төрт көрнекті командирді өлтірді, – деп жазды журналист Мүсілім Ширзад.
19 тамыз 2021 ж. 408 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930