Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ дельта штамымен күресуге әлемдік қауымдастықтан қомақты қаражат сұрады

ДДСҰ дельта штамымен күресуге әлемдік қауымдастықтан қомақты қаражат сұрады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдік қауымдастықтан коронавирустың қауіпті нұсқаларының, атап айтқанда дельта штамының таралуына қарсы күреске 7,7 миллиард доллар сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzМockva.ru сайтына сілтеме жасап.
Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесустың айтуынша, қазір бұл қаражатты таппаса және дельта штамының ең осал елдерде таралуын тоқтатпаса, әлемдік қауымдастық бәрібір келесі жылы "төлеуге" мәжбүр болады.
Соманың бір бөлігі - 2,4 миллиард доллар - халқының табысы төмен және орташа елдерде тестілеуді жақсартуға жұмсалмақ. Медицина қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1,7 миллиард қажет, коронавирустың ауыр түрлерін емдеу үшін ауруханаларды оттегімен қамтамасыз етуге тағы 1,2 миллиард жұмсалады.
ДДСҰ басшысы әлем пандемияның өткір кезеңінде екенін атап өтті. Жаңа штамдардан қауіп те бар. Қазіргі уақытта әлемде "альфа", "бета", "гамма" және "дельта" штамдары басым, бірақ басқа да қауіпті мутациялардың пайда болуы мүмкін. Ұйымның болжамы бойынша, вирустың таралу қарқыны қазіргідей болса, 2022 жылдың қаңтарында SARS-CoV-2 жұқтырғандардың саны 300 миллионнан асуы мүмкін.
Бұған дейін ДДСҰ коронавирустың шығу тегін зерттеу үшін жаңа топ құратыны хабарланған болатын.
17 тамыз 2021 ж. 410 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930