Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кобра эффектісі табиғатта да, экономикада да бар

Кобра эффектісі табиғатта да, экономикада да бар

Кобра эффектісі – белгілі бір ушыққан жағдайды алдын алу үшін қабылданған шешім, кері әсерін беретін құбылыс. Саясаттану, қоғамтану, экономика, психология салаларында "кобра эффектісі" термині жиі кездеседі. Бұл идиомалық тіркес қайдан шыққан? Неге бұл құбылыс кобрамен байланысты? Термин ағылшындардың Үндістанды отарлау кезінде пайда болған.
Британ империясы Үндістандағы билікті жүргізген тұста кобра саны күрт өсіп кеткен. Ағылшындардың біршамасы зардап шегіп, біразы әбжылан уынан көз жұмған. Субтропиктік аймаққа бейімделмеген ағылшындарға бұл, әсте, ұнамайды. Отарлаушылар бірден күресті бастап кетіп, "әр кобра басына сыйақы тағайындалады" деп халыққа хабар таратады. Күн сайын өлген кобра арқалаған жұрт ағылып жатады. Мәселе шешілгендей көрінген, бірақ кобра саны азаюдың орнына бұрынғыдан да көбейе түседі.
Себебі, сыйақыға әуестенген тұрғындардың көбі әбжыланды асырап, санын көбейте бастайды. Кобра популяциясының асқынғанын түсінген билік сыйақыны алып тастайды. Ал жылан асыраған тұрғындар амалсыз кобраның бәрін таратып жібереді. Нәтижесінде кобра саны бұрынғыдан да артып кетеді.
Осыған ұқсас аналогиялық жағдай Вьетнамдағы Ханой қаласында болған. Бұл елді отарлаушы француздар кобралармен емес, егеуқұйрықтармен күресіп, кобра эффектісін бастан кешеді.
Тағы бір оқиға ХХ ғасыр ортасында Қытайда болған. Сол уақыттағы агрономдардың анықтауы бойынша, ауыл шаруашылығына зардабы тигендердің көбі торғайлар екен. Жергілікті халық бүкіл торғай атаулыны жоюға кірісіп кетеді. Нәтижесінде, экологиялық баланс бұзылып, жәндіктер саны көбейіп кетеді. Бүкіл егін-жай, астық алқаптары мен бау-бақшаларды құрт-құмырсқа басып, бәрі құрдымға кетеді. Ал торғайлардың табиғи балансы біраз жылдардан кейін ғана қалыпқа келген.
Кобра эффектісінің экономика мен саясаттағы ықтималдығын зерттеген аналитик Хорст Зиберт Венесуэладағы оқиғаны мысалға келтіреді. Жанармай тапшылығынан Венесуэла билігі жаңа заң енгізеді. Заң бойынша күнтізбенің тақ күндері тақ нөмірлі көліктер, жұп күндері жұп нөмірлі көліктер жүре алады. Адамнан айла қалған ба? Жүргізушілер екінші көлік сатып алып, тақ және жұп нөмірлі екі көлікпен жүрген. Соның салдарынан мегаполистерде көлік саны артып, елде жанармай дағдарысы болған.
16 наурыз 2018 ж. 1 542 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930