Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰҰ әлемді аштық пен кедейлік күтіп тұрғанын ескертті

БҰҰ әлемді аштық пен кедейлік күтіп тұрғанын ескертті

БҰҰ пандемиямен күресу үшін кедей елдерге көмектеспейтін болсақ, онда бүкіл әлемде қақтығыстар, аштық пен кедейлік болатынын ескертті. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ халықаралық ұйымдарға пандемиямен күресу үшін кедей елдерге 6,7 млрд доллар бөлуге шақырды. Көптеген кедей елдерде пандемияның шарықтау шегі бірнеше айдан кейін болады. Алайда бүгінде миллиондаған адамдар жұмысынан айырылып, өмір сүруге қаражатсыз қалды. Аталған Халықаралық ұйым гуманитарлық көмек көрсетудің жаңартылған жоспарын таныстырды. Ол кезде көмекке қажетті сумма екі млрд доллар доллар болса, бүгінде ол қаражат жағдайдың күрделенуіне байланысты 6,7 млрд долларға өскен. «COVID-19 пандемиясы бұл барлығымыз үшін сынақ. Алайда әлемдегі кедей елдер өте қиын жағдайларда қалып отыр. Қазірдің өзінде олардың мигрантттардан келетін және туризмнен түсетін қаражаттары қысқарды», - деді БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Марк Локок виртуальды конференцияда. Сондай-ақ, ол сөзінде пандемияның осы салдарын жоюмен күреспейтін болсақ, оның зардабын кедей елдер ғана емес бүкіл әлем тартатындығын жеткізді.

08 мамыр 2020 ж. 872 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 91

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930