Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұнайға бай бола тұра әлемдегі ең кедей ел атанды

Мұнайға бай бола тұра әлемдегі ең кедей ел атанды

Нигерия кедей тұрғындарының саны бойынша әлемде көш бастап, бұл тізімде алдыңғы орында тұрған Үндістанның өзін артта қалдырған. Бұл жайында Брукинг институтының зерттеу нәтижесінде айтылған. Аталған институт келтірген мәліметке қарағавнда, Африка құрлығындағы мұнай қоры мол Нигерия аумағында 87 млн халық кедейлік қамытын киген. Яғни, халқының жартысы ішер ас, киер киімге жарымай отыр. Нақтырақ айтқанда, күніне 1,9 долларды қанағат тұтады. Амалсыздың күнінен. Сарапшылардың есебінше, биылдың өзінде, яғни, жыл соңына дейін нигериялық кедейлердің қарасы тағы 3,2 млн адаммен толығады. Кереғарлығы сол: мұнай қоры мол болғанымен сыбайлас жемқорлыққа батқан, кландық тартыспен есі шыққан билік халқының жағдайын түзей алмай отыр. Ал бұрын аталған тізімде көш бастаған Үндістанда керісінше кедейлер саны қысқарып, 71,5 млн адамға дейін кеміген. Бұл халық санына шаққанда 5,3 пайызды құрайды. Ал үшінші орынға (кедейлік көресткіші бойынша) Конго демократиялық республикасы шыққан. Аталған елде 63 млн адам тойып тамақ ішпейді.
Islam.kz
29 маусым 2018 ж. 1 642 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930