Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Bloomberg әлемнің ең бай отбасыларының тізімін жариялады

Bloomberg әлемнің ең бай отбасыларының тізімін жариялады

Bloomberg сарапшылары әлемнің ең бай отбасыларын атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РБК-ға сілтеме жасап.
Сонымен, Bloomberg сарапшылары иелігінде 1,1 трлн доллардан астам қаржысы бар ең бай 25 отбасының тізімін жариялады. Айта кетейік, рейтинг жасалу барысында «ескі ақшалар» есепке алынды. Дәлірек айтсақ, бір рет болсада жалғыз емес бірнеше мұрагерге мұрагерлікке қалдырылған байлық есептелді.
Рейтингтегі бірінші орын Уолтон отбасына бұйырыпты, олар шамамен 12 мың Walmart супермаракеттер желісін басқарады. Аталған отбасының жалпы дәулетін Bloomberg 151,5 млрд долларға бағалаған. Бұл отбасының бүгінгі байлығының негізін 1945 жылы алғашқы дүкенін сатып алған Сэм Уолтон қалады.
Ал, Чарльз бен Дэвид Кохтардың дәулеті 98,7 млрд долларға бағаланыпты. Жалпы, Koch Industries америкалық корпорациясының негізін 1940 жылы Фред Кох қалады және ол 40 жылдан кейін ол үлкен коорпорацияға айналды. Сонымен, олар екінші орында.
«Бастапқыда отбасылдық іске төрт ағайынды атсалысқан. Алайда 1983 жылы Фредерик пен Уильям бизнестен шығып, өз үлестерін Чарльз бен Дэвидке сатып жіберген. Миллиардерлер рейтингінде аталған кетіп қалған азаматтар жоқ», - дейді сарапшылар.
Үшінші орын Фрэнк Марстың (89,7 млрд $) мұрагерлеріне берілді, ол өзінің кондитерлік компаниясының негізін ХХ ғасырдың басында қалаған. Аталған компания әліде Марс отбасына толығымен тиесілі.
Бұдан басқа, бай бестік қатарына Anheuser-Busch InBev (54,1 млрд доллар), сыра қайнататын компанияны басқаратын 3 белгиялық әулет (ван Дамм, де Мевиус пен де Шпельберх) және иелігінде Hermes (49,2 млрд$) сән үйі бар Дюманың отбасы енді.
Hermes бүгінгі басшысы Аксель Дюма – компанияның негізін қалаған Тьерри Эрменің бесінші ұрпағы.
Сонымен қатар, рейтингте бірінші Азия отбасы ретінде Амбани көрсетілді. Хабарланғандай, Reliance Industries ірі үнді холдингісінің дәулеті 43,4 млрд доллар деп көрсетілген. Bloomberg бағалауынша, бұл отбасының байлығы үлкендігі бойынша әлемде жетінші орында тұр.
Бұдан басқа, бай 25-те Альбрехт отбасы (Aldi супермаерктетер желісін басқарады, 38,8 млрд доллар), Auchan негізін қалаған Жерар Мюлье мен оның мұрагерлері (37,5 млрд доллар), Samsung негізін қалаушының мұрагері Ли Бен Чхоль (30,9 млрд доллар), Эсте Лаудердің мұрагерлері (24,3 млрд доллар) және т.б. бар.
Baq.kz
28 маусым 2018 ж. 1 178 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930