Балық майы: кім және қашан қабылдау керек
Жастық қалпыңызды, деніңіздің саулығын ұзақ уақыт сақтағыңыз келсе, балық майын ішіңіз. Әсіресе, егде жастағыларға өте қажет әрі пайдалы. Мамандар балық майын тұтынатындар суықтап қалудан сақтанады, сүйектің саулығын арттырады, миды дамытады әрі мүгедектікке шалдықпайды дейді. Алайда, өз мөлшерінен артық қабылдаудан сақтандырады.
БАЛЫҚ МАЙЫ – мырыш, йод, кальций, фосфор, магний, натрий, темір элементтеріне өте бай. Сонымен қатар A және D дәруменінің қайнар көзі десек те болады. Пайдалы құрамының арқасында: көздің көру қабілетін жақсартады; сүйектің шымырлығын еселейді; есте сақтау қабілетін жақсартады; шаш, тырнақ және тістің саулығын арттырады.
БАЛЫҚ МАЙЫ: Өздеріңізге мәлім, балық майы Омега-3 майлы қышқылына бай. Бұл өз кезегінде егде кісілерге өте пайдалы әрі аса қажет. Егер балық майын үнемі қабылдап жүретін болсаңыз: мидың ерте қартаюына тосқауыл болып, жұмысын жандандырасыз; ағзаның суықтауынан сақтанасыз; артық салмақтан арыласыз; депрессиямен күресуге қабілетті келесіз; қатерлі ісік ауруларын болдырмайды; қандағы холестерин деңгейін реттейді; ағзадағы улы заттарды шығарып, ерте қартаюдың алдын алады; бұлшықетті оттегімен қамтамасыз етеді; майдың тез еруіне септігін тигізеді; ағзаның төзімділігін арттырады; жүрек пен қан тамырды қуаттандырады; қанның ұюына жол бермейді; жараның жылдам жазылуына ықпал етеді; буындардың саулығын арттырады; шаштың саулығын жақсартып, тез өсуіне ықпал етеді; қан қысымын қалыпты ұстайды. Міне, жалғыз өзі қаншама дертке дауа болып, қартайған ағзаңызды қуаттандыра алады. Сонымен бірге, миды жасартып, есте сақтау қабілетіңізді жақсартады.
Артық қабылдап қойсаңыз: жүрегіңіз айниды; денеңізді бөртпе басады; аузыңыздан жағымсыз иіс шығады; ішіңіз өтеді; басыңыз ауырады.
БАЛЫҚ МАЙЫН кімдерге қабылдау керек?
Егер сіздің ағзаңызға Омега-3 қышқылы жетіспесе, балық майын ішуге кеңес береміз. Ал ол қышқылдың жетімсіздігін қалай білеміз. Егер: шашыңыз түсіп, тырнағыңыз сына берсе; буындарыңыз ауырса; тез шаршайтын болсаңыз; теріңіз құрғай бастаса, майлы қышқыл жетіспейді деген сөз. Сонымен бірге, депрессияға шалдығасыз әрі жүрек, қан тамыр, диабет дерттеріне тап боласыз. Бұл жайсыздыққа тап болмас үшін ағзаңызды балық майымен қоса, C, B3, B6, E дәруменімен және мырыш пен магний элементімен қамтамасыз етіңіз. Тәулігіне қанша рет қабылдау керек? Үлкен кісілерге 1000-1500 мг Омега-3 майлы қышқылы жеткілікті болады. Демек, тәулігіне 4-5 капсула қабылдайсыз. БАЛЫҚ МАЙЫ ас үйде де табылады
Мамандар Омега-3 қанықпаған майлы қышқылын: 90 гр. сардина балығынан; 1 шай қасық зығыр дәнінен; 120 гр. тунец балығынан; 70 гр. лосось балығынан; 10 дана грек жаңғағынан таба алатыныңызды айтады.
ЕСКЕРІҢІЗ! Балық майын ашқарынға ішпеңіз. Әйтпесе, жүрегіңіз айнып, мазаңызды алады. Дұрысы, тамақпен бірге қабылдау. Емделу ұзақтығы – 3 ай.