Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Пайдалы 5 азық-түлік

Пайдалы 5 азық-түлік

Әйел денсаулығы мен сұлулығы үшін ерекше қамқорлық пен күтім қажет. Күтімді келбет пен қуаттылығыңызды сақтау үшін күнделікті ас үлесінің бірнеше ережесін сақтау керек. Әйелге жылдар бойы әдемі әрі сау болуға көмектесетін 5 тағамды ұсынамыз.

1. Сүтті тағамдар
Ірімшік пен йогурттар – табиғи сұлулығымен және сымбаттылығымен танылған француз әйелдердің ас үлесінің негізі. Барлық сүтті тағамдардың басты микроэлементі – кальций. Ол тіс, шаш және тырнақ саулығын сақтап тұрады. Сонымен қатар, кальций сүйектерді қатайтады, яғни, ол жетіспесе, арқа мен бұлшықеттер мәселелері туындайды. Соның салдарынан омыртқа қисаяды.

2. Қызыл балық
Балықтың майлы сұрыптарында әйел денсаулығына өте қажетті Омега-3 қышқылдары болады. Омега-3 тері созылғыштығына және тығыздығына жауапты. Ол тері мембранасын зақымданудан қорғайды. Егер мәзіріңізге қызыл балықты қоссаңыз, ерте пайда болатын әжімдердің алдын аласыз. Диетологтар ақсерке (семга), албырт (лосось) және құнысбалық (горбуша) секілді балық түрлерін аптасына аз дегенде 2 рет жеуді ұсынады.

3. С дәруменіне бай өнімдер
Киви, цитрусты жемістер, мүкжидек және болгар бұрышы – әйел сұлулығына арналған басты өнімдер. Олар тері саулығы мен созылғыштығына жауап беретін С дәруменіне бай. Сонымен қатар, С дәрумені иммунды және жүйке жүйесі жұмысына қатысады, яғни, ол ағзаның қорғаныш функциясын қорғайды.

4. Брокколи
Ғалымдардың айтуынша, құрамындағы В тобы дәрумендерінің көп мөлшерінің арқасында брокколи жүйке жүйесіне жағымды әсер береді. Ол ағзадағы зиянды бактериялардың көбеюіне жол бермейді. Бұл көкөністі уақытылы жеу барлық ағза қызметін жақсартады және оның жастығын ұзартады. Әйелдер брокколиді аптасына 2 реттен кем жемегені дұрыс.

5. Ащы шоколад
Шоколад – нәзік жандылардың сүйікті тағамы. Алайда, барлық шоколад бірдей денсаулыққа пайдалы емес. Ащы шоколадтың құрамында магний, марганец, мыс, мырыш және фосфор бар. Бұл минералдардың барлығы сүйек ұлпасын қатайтуға жауап береді, сонымен қатар гормонды фонды қалпына келтіруге көмектеседі. Бірақ, ащы шоколадтың өзін күніне 25 гр-нан артық жемеген жөн.

14 наурыз 2019 ж. 295 0

Руханият

Ашу – дұшпан

Ашу – дұшпан

10 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031