Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүкті әйелдер пластик ыдысты қолданбасын

Жүкті әйелдер пластик ыдысты қолданбасын

Пластик немесе қауырсын ыдыстың адамға зиян екені белгілі. Оның айтылып жүргеніне де біраз болды.
Пластиктің құрамында «бисфенол А» атты химиялық қоспа болады. Ол адамның миы мен ұрпақ өрбіту жүйесіне зиян. Онкологиялық аурулардың қозуына да себепші болуы мүмкін.
Американың Миссури университетінің ғалымдары «бисфенол А»-ның орнына басқа бір химиялық қоспа қосып, адам ағзасына зиян тигізбейтіндей етіп пластик жасаудың жолын іздеп көрген екен. Оның амалын тапқан да көрінеді. Тамақ салатын контейнер мен су құятын ыдыстың бәрін «бисфенол А»-ның орнынан «бисфенол S»-ті қосып көрген.
Алайда химиялық зиянкестерден ада, адам ағзасына залал тигізбейді деген қоспаның өзі (бисфенол S) денсаулыққа зиян болып шыққан. Әсіресе, ағзаға зиян емес деген пластик қоспаның өзі мидың дамуына кері әсер ететіні белгілі болды.
Тарқатып айтар болсақ, бисфенол S әйелдің жатыры мен ұрықжолдасына (жүктілік кезінде жатыр ішінде дамитын, ана мен жатыр қуысындағы нәресте арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды мүше) еркін еніп кететін әрі адам ағзасы бұл қоспаның не табиғи зат, не химиялық зат екенін ажырата алмай қалатын көрінеді. Содан ағзаның өзі де оған қарсы иммунитет құрмайды. Ал ағзаға еніп кеткен бисфенол S жатырдағы баланың миын дамытуға үлес қосатын серотонин горманының бөлінуіне кедергі келтіреді. Содан баланың миы дамымай қалуы мүмкін.
Аталмыш зерттеу MedicalXpress журналында жарияланды.
Бұдан шығатын қорытынды мынадай: жүкті әйелдер мен омырауда баласы бар әйелдердің пластик ыдыстарды қолданбағаны жөн. Өйткені ол бала денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
02 наурыз 2020 ж. 1 511 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930