Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пластикалық ыдыста тамақ жылыту зиян

Пластикалық ыдыста тамақ жылыту зиян

Зерттеулер нәтижесі бойынша, пластмасс ыдыстардың 95%-ы микротолқынды пеште және ыдыс жуатын машинада химикаттар бөледі екен. Жоғары температураның әсерінен олар контейнерден өтіп, тамаққа түседі. Ғалымдардың ойынша, бұл заттар эндокринді жүйеге әсер етеді, демікпе, семіздік, диабет, бедеулік және рак шақыруы мүмкін.
Ыдысты иілгіш ететін фталаттар мен бисфенол А деген қосылыстар ең қауіпті болып саналады. Олар көптеген пластикалық бөтелкелер мен контейнерлерде бар.
Маймылдарға жүргізген зерттеулер бисфенол А жүкті әйелдердің құрсағындағы сәбидің дамуына негативті әсер ететіндігін дәлелдеген. Сонымен қатар, бұл зат ағзада жиналып қалса, рак шақыруы мүмкін.
Бұл қауіпті химиялық заттарды балалар бөтелкесіне қолдануға тыйым салынғанымен, ересектер ыдысына ондай тыйым жоқ.
Сондықтан сарапшылар тамақты әйнекте, тот баспайтын болатта және керамика ыдыста сақтауды және жылытуды ұсынады. Ал пластикамен абай болу керек. Тауардың заттаңбасын тексеру керек:
- Ол жерде ыдыстың 140° градусқа дейінгі қызуды көтеретіндігі жазылуы тиіс;
- 1-4, 6 және 7 деген сандар болмау керек. Ол құрамындағы полиэтилен мен басқа да қауіпті заттардың себебінен қыздыруға тыйым салынғандығын білдіреді;
- Ең дұрысы, "5ПП" деген саны бар ыдысты қыздырған жөн. Ол ыдыстың полиамид пен полипропиленді пластикадан жасалғандығын білдіреді.
12 сәуір 2019 ж. 2 113 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 133

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 94

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031