Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Супермаркет тұтынушыны қалай алдайды?

Супермаркет тұтынушыны қалай алдайды?

Сауда орталығына бара қалсақ, бірнәрсе сатып алмастан қайтпаймыз. Қанша жерден жоспарымызда бүгін артық нәрсеге ақша жұмсау ойымызда болмаса да, міндетті түрде шығындаламыз. Бұның барлығы маркетинг саласымен тығыз байланысты. Супермаркеттер бізді алдап жүр. Қалай?
1. Тәбетті ояту Адамның сезім мүшелері – маркетологтардың ең сенімді серігі. "Дүкенге аш қарынмен баруға болмайды" деген ескертулер де жиі айтылады. Бұның басты себебі – неғұрлым адамның қарны ашқан сайын, соғұрлым оның артық шығындалу мүмкіндігі жоғары. Дегенмен, қарны аш болмаса да, супермаркет тәбетті оятудың түрлі тәсілін қолданады.  Мысалы, жаңа піскен бәліштердің иісі немесе ыстық нан. Соңғы уақытта супермаркет қабырғаларында қазір ғана пештен түскен нанның сатылуы жиі байқалады. Оның үстіне, сөрелердың алдыңғы қатарына қаптамасы түрлі түсті, бірден көзге түсетін өнімдерді қояды.  Адамның артық шығындалуына әсет ететін ең күшті әдіс – тегін дәм татуға қойылған тағам үлгілері.  
2. Музыкалық арбау Супермаркеттердің басым бөлігі ырғақты музыканы қолданады. Әуен ырғақты әрі дауысы жоғары болған сайын тұтынушының тауарды сатып алу мүмкіндігі артады. Америка маркетинг ассоциациясы өткізген зерттеу жұмысы қуатты музыка сатып алушының көп ойланбастан кез келген нәрсені итермелейтінін дәлелдеген.  Бірақ, жай музыканың да айтарлықтай әсері бар. Жүрек соғысының жиілігінен сәл баяу ырғақты музыканы тыңдаған адам автоматты түрде баяу қимылдайды. Нәтижесінде сөрелерді асықпай қарап, сауда залында ұзақ бөгеледі. Музыканың әсерінен арылу үшін, құлаққап арқылы өз музыкаңызды тыңдағаныңыз жөн. 
3. Түсті сәндеу Адамдардың басым бөлігі жылы реңкпен (қызыл, қызғылт, сары) әрленген дүкендерге міндетті түрде кіріп көреді. Бірақ, бұл түстерді тек назар аударту үшін сыртқы қабырғалар мен әйнектерге қолданған жөн.  Дүкеннің іші салқын реңк (көкшіл, көк, жасыл) болғаны жөн. Өйткені, бұл түстер адамның көп ақша құртуына айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, Business Review журналында жарық көрген "Түстер саудаға қалай әсер етеді?" деген мақалада көкшіл-жасыл түсті дүкендерде тұтынушы 15%-ға артық сауда жасайтынын айтады.  
4. Жеңілдік карталары Жеңілдік карталары үнемдеу жұмыстары үшін жасалған. Бірақ, бұл олардың басты мақсаты емес. Біріншіден, жеңілдік картасы адамды белгілі бір супермаркетке тәуелді етіп қояды. Екіншіден, карта арқылы супермаркет басшылығы сіздің талғамыңызды толықтай зерттейді. Сондықтан, кейде  "5000 теңгеге киім сатып алып, 5% жеңілдікке ие болыңыз" деген жеке хабарлама да келеді. Бұл ұсыныс тиімді сияқты көрінгенімен, қандай жағдай болмасын тұтынушы ғана ұтылады. Өйткені, "арзан" деген ой сізді бір нәрсенің орнына қосымша екі зат алуға итермелейді. 
5. Касса жанындағы сөрелер Касса қасындағы сөрелерге маркетологтар қымбат бірақ аса қажеті жоқ ұсақ-түйекті орналастырады: шоколад, балмұздақ, қолға арналған дезинфекциялық гель, сағыз. Маркетологтар бұл уақытта тұтынушының сауда залында шешім қабылдаудан шаршап, тынығып тұрып, өзіне "сый" жасау мақсатында сатып алатынын есепке алады. Бұл қулық шынымен жұмыс істейді. 
12 қаңтар 2020 ж. 727 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 42

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 38

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930