Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аш қарынға шешім қабылдауға болмайды

Аш қарынға шешім қабылдауға болмайды

«Қарның ашып тұрған кезде супермаркеттен сауда жасау жақсы идея емес екені жиі айтылып жүр. Ғалымдардың айтуынша, аш қарынға, тіпті, шешім қабылдау да дұрыс емес», дейді неміс басылымы Die Welt.
«Данди университетінің психологтары Бенджамин Винсент пен Джордан Скрынка елу адамға эксперимент жүргізді. Қатысушылар қарны тоқ кезде және он сағаттық ашығудан кейін сұрақтарға жауап берді. Мысалы, олардан қазір ақша немесе тамақ керек пе немесе біраз уақыттан кейін екі еселеніп алуға дайынсың ба деген сұрақтар қойылды», деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, қарны аш қатысушылар қысқамерзімді әрекеттерді таңдаған. «Қарны тоқ қатысушылар екі еселенген сыйлық алу үшін отыз бес күн күтуге дайын болған, ал қарны аш адамдар тек үш күн күте алатынын айтқан», дейді психолог Винсент.
Оның айтуынша, аш адам тек қазіргі сәтін ғана ойлайды.
«Алдағы уақытта артықшылық бере алатын шешімдерге емес, қазіргі күнге баса назар аудару қаржылық шешім қабылдағанда ерекше маңызды. Ал балалық шақта өзін бақылай алған балалар өмірде үлкен жетістіктерге жеткен», - дейді ол.
inform.kz
22 қыркүйек 2019 ж. 1 112 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031