Күнде макарон жеген адамның организмі қандай өзгеріске ұшырайды?
Макарон бәріміздің күнделікті жейтін тамағымызға айналды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Rambler.ru-ге сілтеме жасап. Бірақ біз олардың денсаулығымыз бен сұлулығымызға кері әсері барын мүлде ойламаймыз.
Макарон 70 пайызға дейін күрделі көмірсулардан тұратын энергетикалық өнім болып саналады. Олар организмге баяу сіңіп, тойымдылықты ұзаққа дейін ұстап тұрады. Макаронның қандай формасын алсақ та, олардың жоғары сортты бидайдан жасалғаны маңызды.
Жұмсақ бидайдың сорты құрамында көп мөлшерде крахмал мен глютен бар, сондықтан олар денсаулыққа зиянды. Өнімді сатып алғанда, сіз қажетті ақпарат жазылған қаптаманы қарауыңыз керек. Жоғары сортты бидайдан жасалған макарон қаптамаларында А белгісі тұрады.
Макарон адамға қалай әсер етеді?
100 грамм жоғары сапалы макаронның құрамында 3,2 грамнан аспайтын белок, 23,2 грамм көмірсу және 0,4 гр. май бар. Бұл олардың диеталық өнім екенін аңғартады. Пісірілген 100 г макаронның құрамында 112 килокалория болады.
Ғалымдардың айтуынша, макарон өнімдерінің көмегімен денсаулықты жақсартуға болады. 2016 жылы 23000-нан астам итальяндықтарға сынақ өткізілді, олар күнделікті тек макарон жеп, айына 5 кг жоғалтқан. Ел тұрғындары бұл өнімді жақсы көреді және оны "паста" деп атайды. Италия көшелерінде артық салмақтағы адамдарды сирек кездестіруге болады, толық адамдар, көбіне, туристер болып шығады екен.
Макаронның пайдасы қандай?
Жоғары сортты макаронда өсімдік тектес талшықтар көп, олар организмнен токсиндерді кетіруге, ішектерді тазартуға көмектеседі, жалпы денсаулықты жақсартады. Сондай-ақ, бұл өнімде В тобының витаминдері, сонымен қатар, стресс пен бас ауруын жеңуге көмектесетін А, Р дәрумендер, микроэлементтер және аминқышқылдары бар.
Итальяндықтар әрқашан көтеріңкі көңіл-күйде және жарқын күлімсіреп жүретінін байқаған шығарсыздар. Өйткені пастаның құрамында Е дәрумені де табылады, ол бет терісін тазартып,зақымдалған терінің қалпына келуіне ықпал етеді, сонымен қатар, керемет иммуномодулятор болып табылады.
Макарон денсаулыққа зиян келтіре ме?
Макарон диетасында ешқандай қарсы көрсетілімдер жоқ. Бірақ бұл қант диабетімен ауыратын адамдарға жарамайды. Оған қоса, гармонды талшықтарға да кері әсерін тигізеді. Шамадан тыс семіз адамдардың басқа диетаға отырғаны жөн.
Ал паста диетасы нәтижелі болу үшін физикалық жаттығуларды да қосу керек. Макаронды бір ай бойы үзбей жеуге болмайды.
alashainasy.kz