Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар жеміс шырыны балалар үшін қауіпті екенін анықтады

Ғалымдар жеміс шырыны балалар үшін қауіпті екенін анықтады


АҚШ-тағы Гарвард университетінің дәрігерлері құрамында қанты көп жеміс-жидек шырынын үнемі ішетін балалар демікпеге тез шалдығатынын айтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеме жасап ria.ru жазады.
Зерттеушілер 1068 ана мен олардың ұл-қыздарының тамақтану рационын тексеріп, құрамында фруктозасы көп тәтті шырынның балалар денсаулығына қалай әсер ететінін байқаған.
Нәтижесінде ғалымдар құрамында қант пен фруктозасы бар шырынды көп ішетін балалардың 77%-ы демікпеге шалдығатынын анықтады.
Сонымен қатар, жүктілік кезінде де жеміс шырынын көп ішкен жағдайда тыныс алу жолдары ауруларының пайда болуына әсер ететіні белгілі болған.
«Бұдан бұрын белгілі болған семіздік пен демікпенің байланысынан бөлек, құрамында фруктозасы көп тәтті шырындарды көп ішу де бұл аурудың пайда болуына әсер етеді. Әзірше біз фруктоза мен қанттың демікпеге қалай әсер ететінін анықтай алған жоқпыз. Бірақ осы қосылыстар өкпенің қабынуына әсер ететінін болжауға болады», - дейді зерттеуші Шерил Рифас-Шиман.
http://syrboyi.kz
21 желтоқсан 2017 ж. 2 296 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 50

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 62

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031