Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ирактағы 14 бала елге қайтарылмақ

Ирактағы 14 бала елге қайтарылмақ

Елордада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Ауғанстан бойынша жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың басында Қазақстан арнайы «Жусан» операциясын жүргізген болатын. «Жусан» операциясы – Қазақстан осы адамдардың (кезінде Сирияға кетіп қалған азаматтардың – авт.) үйі екенін көрсетті. Операцияның арқасында елге 600-ге тарта адам қайтарылды. Олардың 406-ы бала. Олардың бәрі де оңалту шараларынан өтіп, қазақстандық қоғамға бейімделді. Қазіргі уақытта Ирактан 14 баланы қайтару бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олардың аналары сол жақта өмір бойы бас бостандығынан айырылған», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді отырыс барысында.

Министрдің айтуына қарағанда, Қазақстан мұндай гуманитарлық акцияларды жүргізіп жатқан әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі.

«Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», - деді ол.

Еске салайық, «Жусан» гуманитарлық операциясы - ауқымды акция. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.
Сириядан қазақстандықтардың алғашқы легі биылғы 6 қаңтарда елге жеткізілген болатын.

7-9 мамыр күндері аталмыш елден Қазақстанның тағы 231 азаматы оралды.

Кешенді шаралар нәтижесінде қақтығыс аймағынан елімізге жалпы 357 бала қайтарылды. 28-31 мамырда «Жусан» арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі өткізілген еді.
inform.kz


09 қазан 2019 ж. 777 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 44

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 40

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031