Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Лечо" салатының өте дәмді рецепті

"Лечо" салатының өте дәмді рецепті

ЛЕЧО салатын жасауды білесіз бе? Егер ұмытып қалған болсаңыз, біз ұсынған мәзірлерді қараңыз.
Дәл қазір көкөніс бағалары арзандап, самсап пісіп тұрған шағы. Ал, қысқа дайындық жасап, "банка жауып алу", әрине, әйелдердің жылдағы үйреншікті шаруасы. Алайда бүгінгінің балалары не берсең соны жей бермейді. Таңдап, талғап барып дәмін көреді. Сондықтан да қыстық салаттардың да «дұрысырағын» жабу керек. Сондықтан да өзі дәмді әрі тәтті, балалар сүйіп жейтін лечо салатын жасаудың түрлі әдістерін үйреніп алыңыз.
Болгар бұрышы мен қызанақтан жасалған лечо
Қажетті өнімдер
2 келі қызанақ
100 мл өсімдік майы
100 гр. қант
1-2 ас қасық тұз
3 келі болгар бұрышы
10-15 түйір ірі қара бұрыш
9 пайыздық 1 ас қасық сірке суы
Дайындалуы Қызанақты еттартқыштан өткізіп, қазанға құйыңыз. Сосын өсімдік майын, қант пен тұзды салып, араластырыңыз. Отқа қойып, 20 минуттай қайнатыңыз. Осы уақыт өткен соң ірілеп туралған болгар бұрышын саласыз. Қақпағын жауып тағы да 20 минуттай қайнатасыз. Ірі қара бұрыш пен сірке суын құйып, 5 минут қайнатыңыз. Дайын салатты зарарсыздандырылған банкаларға құйып, жауып ала бересіз. 
Қияр қосылған ЕРЕКШЕ лечо 
Қажетті өнімдер
1 келі қызанақ
1 келі болгар бұрышы
100 гр. қант
1-2 ас қасық тұз
100 мл өсімдік майы
2-3 тіс сарымсақ
2 келі қияр
100 мл алма сірке суы
Дайындалуы Еттартқыштан өткізілген қызанақ езбесіне туралған болгар бұрышын, қант пен тұз, май, майдаланған сарымсақты салып, жақсылап араластырыңыз. Сосын отқа қойып қайнатасыз. Қақпағын жауып, жай отта 15 минут қайнатыңыз. Қиярды дөңгелектеп тураңыз. Егер қияр ірілеу болса ортасынан бір бөліп жіберуге болады. Туралған қиярды қазанға салып, сірке суын құясыз. Араластырып, қақпағын жауып, тағы да 15 минуттай қайнатасыз. 
ernur.kz
01 қазан 2019 ж. 2 366 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930