Қазақстан әлемдегі ықпалды 35 елдің қатарына енді
Қазақстан World Population Review ұйымының 2026 жылғы Most Powerful Countries рейтингісінде 100 елдің арасында 34-орынға ие болды. Рейтингте еліміз Біріккен Араб Әмірліктері, Норвегия, Сауд Арабиясы мен Ираннан жоғары орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тізім мемлекеттердің экономикалық және саяси ықпалын, халықаралық одақтарын, көшбасшылық әлеуеті мен әскери мүмкіндіктерін ескереді.
Посткеңестік елдер арасында Қазақстан Ресейден кейін тұр. Ресей рейтингте 11-орынға жайғасқан. Ал Тізімнің алғашқы үштігіне Қытай, АҚШ және Үндістан енді.
Айта кетейік, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады.














