Қалқанша безді қалай емдеуге болады?
Уақытылы жатып демалсаңыз да шаршау басылмай ма, қанша тамақ жесеңіз де тойғаныңызды білмейсіз бе, баспалдақтан көтерілген кезде ентігесіз бе? Бұл зоб ауруының алғашқы белгілері екенін ескертеміз. Зобтың белгілері басқа ағзаның ауруларына ұқсас келеді. Эндокринолог дәрігерге арнайы тексерілмесеңіз, өздігіңізше ем жасаудан сақтаныңыз. Өйткені басқа аурумен шатастырып алуыңыз мүмкін.
ЗОБТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
тыныс алу қиындайды. Күрсініп барып демаласыз;
дауыс қарлыққандай өзгеріске ұшырайды;
аяқ астынан булығып қаласыз;
жөтелгіңіз келеді;
жұтынған кезде ауырлық сезімі пайда болады;
басыңыз айналады; ентігу пайда болады.
Міне, осы жайсыздықтар зоб ауруының басты белгілері болып табылады. Егер сізде осы белгілер байқалса, дәрігермен кеңесе отырып, арнайы ем шараларын қабылдаңыз. Оған қоса, халықтық жолмен емдеу әдістерін ұсынамыз.
КӨКӨНІСТЕН ФРЕШ
2 данадан картоп, сәбіз, балдыркөкті немесе картоп, сәбіз бен қызылшаны алып, шырынсыққыштан өткізіңіз. Дайын болған 0,5 литр шырынды бір күнде ішіп таусыту керек. Емді 2 күнде бір рет ішіп тұрсаңыз, зоб ауруынан түбегейлі айығасыз.
Ескеріңіз!
Ем кезінде ет тағамдарын мүлде тұтынбаңыз.
БАЛ ҚОСПАСЫ
Бірдей көлемде қарақұмық балын, қарақұмық ұны мен ұнтақталған грек жаңғағын аласыз. Оны миксердің көмегімен жақсылап араластырыңыз. Аптасына 1 рет 2-3 қасықтан жейсіз. Артынан жылы су ішуді ұмытпаңыз. Емді 2 апта жүргізу керек.
ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ
Ұнтақталған грек жаңғағы мен емен қабығын бірдей көлемде аласыз. Оны жарты стақан қайнаған сумен араластырасыз. Дайын болған қоймалжыңмен қалқанша безге компресс жасау керек.
ТЕҢІЗ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ
Йодқа бай бұл көкөніс зоб ауруына керемет ем болады. Аурудан айығу үшін 1 ас қасық теңіз қырыққабатына бірдей көлемде творог пен грек жаңғағын араластырыңыз. Оған 2 тіс сарымсақ, шым-шым тұз бен татымына қарай өсімдік майын қосасыз. Бәрін миксермен мұқият араластырыңыз. Дайын болған емдік қоспаны 3-4 ас қасықтан күніне 1 рет жейсіз.
МАЙЛЫ ҚЫШҚЫЛ
Йод тапшылығының бірден бірі емі Омега қышқылы болады. Оны балық пен зығыр майынан аласыз. Ағзаны йодпен байытқыңыз келсе, күніне бір рет 3-4 шай қасық зығыр май ішіңіз. Татымы ұнамаса аздап балмен араластыруға болады немесе бір тілік қара нанға жағып жеңіз. Емді таңертең ашқарынға жүргізіңіз.
ШЕТЕН
Бұл жидек зобтың кез келген түріне пайдалы. Сонымен қандай түрін жесеңіз де ем болмақ. Десек те, көлеңкеде кептірілген жидектің пайдасы молырақ дейді қолданғандар. Ем үшін кепкен шетенді шай ретінде демдеп ішесіз. Ал балғын түрі болса, аздап қант араластырып жесеңіз де болады. Шетеннен әзірленген тосаптың да ауруға ем екенін ескеріңіз. Ал жапырағынан шай демдеп ішуге болатынын да ұмытпаңыз. Оның да емдік қасиеті орасан зор.
ernur.kz