Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 күн ұйықтамаған оқушының миын зерттеген ғалымдар: мұндайды күтпеген едік

11 күн ұйықтамаған оқушының миын зерттеген ғалымдар: мұндайды күтпеген едік

1963 жылы желтоқсан айында америкалық екі оқушы адамның қанша күн ұйқысыз жүре алатынын анықтау мақсатында зерттеу жүргізді. Оның нәтижесі ғалымдарға шаршаңқы мидың ішінде не болатынын анықтауға көмектесті.
Зерттеу 1964 жылы 8 ақпанда аяқталды. 17 жастағы Рэнди Гарднер 11 тәулік және 25 минут ұйықтамады.
Рэнди ұйқысыз жүрген күндері мен түндері көбейген сайын оның дәм сезу, иіс сезу қабілеті, дыбыстарды айыру қабілеті қалыпты деңгейден ауытқи бастаған.
Ұйқысыз өткен 264 сағаттан кейін Рэнди әлемдік рекордты жаңартты. Осыдан кейін Рэндидің ұйықтауы керек еді. Бірақ оны әскери госпиталге жатқызып, миын зерттеді.
Ол 14 сағат ұйықтады. Дәретханаға барғысы келгенде оянды. Оның тәжірибеден кейін ұйықтаған алғашқы түні жылдам ұйықтау фазасы (дәл осы фазада біз түс көреміз) өте үлкен еді. Одан кейін ол кішірейе бастады да, көп уақыт өтпей-ақ қалыпты деңгейге түсті.
Рэндидің миын зерттеу нәтижесі Аризонадағы ғылыми орталыққа жөнелтілді. Оның қорытындысына сай, Рэндидің миы ұйықтап, қайта оянып отырған. Миының бір бөлігі ұйықтаса, екінші бөлігі ояу болған.
Осыдан кейін Рэнди Гарднердің рекордын жаңартуды қалағандар көп болды. Алайда Гиннес рекордтар кітабы «денсаулыққа зиян» деген себеппен ол тәжірибелерді тіркемеді.
Ұйқысыз өткен 11 тәулік Рэндидің денсаулығына кері әсер етпеді. Бірақ бірнеше жыл бойы оның түнде дұрыс ұйықтай алмағаны анықталды.

30 қаңтар 2018 ж. 1 902 1

Florrie от 31 мамыр 2025 07:50
Truly quite a lot of fantastic tips. casino en ligne This is nicely put! ! casino en ligne Appreciate it! Numerous stuff! casino en ligne fiable Thanks a lot! Quite a lot of postings. casino en ligne France Whoa loads of terrific data! casino en ligne Incredible lots of helpful information. casino en ligne Really tons of superb knowledge. casino en ligne Good postings Many thanks. casino en ligne Thank you. Ample advice. casino en ligne francais Thanks a lot. Quite a lot of info! casino en ligne francais

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031