Оңқайлар ақылдырақ па, солақайлар ма?
Орта ғасырда сол қолымен жазған адамдарды отқа жағып өртеген екен. Ал жаңа замандағылар оларды емдемек болған. Соған қарамастан солаңқайлар әлемде біршама көбейіп келеді. Егер статистикалық мәліметтерге сүйенсек солақайлар осыдан жиырма жыл бұрынға қарағанда екі есе көбірек өсіп келеді. Және де ғалымдардың болжауынша, солақайлар саны келер жылы миллиардқа жетуі мүмкін екен.
Солақайларды қалай жазғырсақ та, олар сол қолын өздері таңдап алмады, себебі олар жазу үйренген сәттерінде әлі кішкентай болған, қай қолы ыңғайлырақ сол қолымен жаза берген емес пе? Десе де әйгілі шығармалардың, өнер туындылары, мүсіндер, баға жетпес картиналардың басым бөлігі солақайлардың қолынан туындаған.
Леонардо да Винчи, Льюис Кэрролл, Альберт Эйнштейн, Чарли Чаплин, Архимед, Михаил Ломоносов, Исаак Ньютон, Чарлз Дарвин, Иван Павлов, бұл кісілердің барлығы да солақай болған. Бұл адамдар тарихқа еніп қана қоймай, оны жасаған адамдар. Христофор Колумб жаңа елдерді ашты, ал Наполеон, Бисмарк және Черчилль әлем картасын қайта өңдеді. Сол қолымен Лев Толстойдың, Владимир Маяковский, Иоганн Гете, Христиан Ган Андерсеннің , Франц Кафки және Герберт Уэллстың көптеген әдеби жауһарлары жазылған.
Бұрындары сол қолмен жазатын адамдар ауру деп есептелген, сырқаттың аты анамолия. Тіпті ССР-дің кезінде сол қолымен жазатын адамдарды оң қолға үйретуге тырысқан. Ата-аналары балаларын оң қолмен жазуға күштеп қыспаққа алған. Ал балалар оң қолмен жазуға тырысқан сәттерінде, мидың оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігінде ауытқулар орын алып, сырқаттанып немесе стресске ұшыраған жайттар көптеп кездескен.
Баланың солақай болып тууы анасының құрсағында жатқанында-ақ шешіліп қоятын дүние екен.
Ал кім ақылдырақ-қа келсек, солақай адамдар ақылдыдан гөрі шығармашылыққа жаны жақын адамдар деген теңеуге келеді екен.