Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр жеті адамның біреуі солақай

Әр жеті адамның біреуі солақай

   Әр жылы 13 тамыз бейресми түрде "Халықаралық Солақайлар күні" (International Lefthanders Day) атап өтіледі. 1984 жылы ЮНЕСКО 13 тамызда Солақайлар күнін атап өту туралы шешім шығарды. Мұндағы көзделетін негізгі мақсат сол қолын көбірек пайдаланатын адамдарға әлем назарын аударту және олар үшін арнайы өнімдерді жасап шығаруды қолға алу.    
    Тарихтан мәлім, орта ғасырларда солақайларды жезтырнақ немесе қара сиқырмен айналысатындар деп отқа өртеген. Қазір де бірқатар мемлекеттерде солақай балаларды күштеп оң қолмен жазуға мәжбүрлейді. Халықаралық Солақайлар күнін атап өтудің мақсаты да осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

    Солақайлар күні 1976 жылы 13 тамызда "Lefthanders International" ұйымының ұйымдастыруымен атап өтілген. Енді бір деректер алғашқы Солақайлар мерекесі 1992 жылы 13 тамызда ағылшын солақайлар клубының ұйымдастыруымен тойланғанын айтады. 1991 жылғы АҚШ-тағы зерттеулер, оңқайларға қарағанда солақайлар түрлі жаңа құрылғылардан зардап шегіп, кей жағдайларда соның кесірінен қайтыс болатынын көрсеткен. Зерттеушілердің пікірінше, солақайлар жер шарындағы адамдардың шамамен 15 пайызын құрайды немесе әр 7 адамның бірі солақай.
   Солақайлар ең көп кездесетін мекен – Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Шығыс Еуропа, Австралия мемлекеттері. Жер шарының солтүстікке қарағанда оңтүстік бөлігінде солақайлар көп кездеседі. Қазіргі күнде жер бетіндегі солақайлар саны 1 миллиардқа жақын. Еуропадағы туған сәбилердің 10 пайызы солақай боп өседі.
   Психологтардың айтуынша, солақайлар мінезді және зор шығармашылық мүмкіндіктерге ие болады екен. Мысалы, Нұрғиса Тілендиев, Аристотель, Марк Твен, Леонардо да Винчи, Бетховен, Пол Маккартни, Мерилин Монро, Роберт де Ниро, Юлий Цезарь, Александр Македонский, Наполеон Бонапарт, Уинстон Черчилль, Ньютон, Буонароти Микеланжело, Вольфганг Амадей Моцарт, Людвиг Ван Бетховен, Петр I, Чарли Чаплин, Мэрилин Монро, Джим Кэрри, Пол Маккартни, Том Круз, Билл Гейтс, Роберт Де Ниро, Брэд Питт, Киану Ривз, Микки Рурк, Сильвестр Сталлоне, Брюс Уиллис, Анжелина Джоли, Николь Кидман, Деми Мур, Джулиан Мур, Джулия Робертс, Франц Кафка, Джеймс Кэмерон, ханзада Уильям, Ханшайым Виктория, Уинстон Черчилль және Жанна Д'Арктар солардың қатарында. АҚШ президенттері – Джеральд Форд, Рональд Рейган, Үлкен Джорш Буш, Билл Клинтон, Барак Обамалар да солақай адамдар қатарына жатады.

https://massaget.kz/

13 тамыз 2019 ж. 1 215 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930