Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сәукелені қорлағаны үшін соттау керек": Әзілкеш сынға қалды

"Сәукелені қорлағаны үшін соттау керек": Әзілкеш сынға қалды

"Сәукеленің қадірі қалмады. Біресе жалаңаш қыздар киеді, біресе ер адамдар киеді", - дейді наразы оқырмандар.

Басына қазақтың ұлттық сәукелесін киіп, вайн түсірген отандық әзілкеш Жахан Отарғалиевтың әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Елді шулатқан видео kaz_stars парақшасында жарияланған. Әйел образына енуді "әдетке" айналдырған әзілкеш бұл жолы басына сәукеле киіп вайн түсірген. Өзіне сай келетін киім таңдап жүрген Жаханның әрекетіне желідегілер сыни пікірлерді қарша боратты. Басындағы сәукелесіне басты назар аударған олар әзілкештің вайнын сапасыз дүниеге теңеп, қатаң сынға алған.

"Масқара", "Сәукелені жайдан-жай киюге болмайды. Киесі ұрады", "Қазіргі ер адамдар ұсақталып кетті ғой", "Бұл видеомен не айтпақ болдыңыз көпшілікке?", "Мына видеоны көріп, мен қатты намыстанып кеттім". "Ер адамға тән қасиет қалмапты ғой", "Мүлде ер азаматқа лайық іс емес", "Сәукеленің не қадірі қалды? Біресе жалаңаш қыздар киеді, біресе ер адамдар киеді", "Сәукелені қорлағаны үшін соттау керек", "Ұлттық құндылықтарды қорлағандарға қатысты қашан заң шығады екен", - деп жазды желідегілер.



22 тамыз 2019 ж. 1 728 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930