Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Подиумға қысқа көйлекпен шыққан Жанар Айжанова

Подиумға қысқа көйлекпен шыққан Жанар Айжанова

Киім топтамасының таныстырылымында аяғын жалаңаштап шыққан Жанар Айжанова халықтың сынына қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жасы елуден асқан өнер иесінің сән үлгісін көрсеткен бейнежазбасы желіні шулатты.

"Сұмдық, басқа істейтін тірлігі қалмапты", "Жанар апай сіздің жасыңызға келіспейтін сияқты. Сізге қазақи нақыштағы киімдер жақсы үйлеседі", - десті оқырмандары.

Қазақтың домбырасын құшақтап сахнаны бағындырған талантты әншінің заманауи образы жұрттың ашуын келтірді. Тіпті өнер иесінің соңғы кездердегі әрекетіне шағымданып, көңілі қалғанын жеткізгендер де аз болмады.

«Әншілер бетімен кетті ғой масқара», "Ақша табам деп абыройын айрандай төкті-ау", "Өз-өзін төмен түсіріп бітті әбден. Әйтпесе жақсы-ақ үлгі тұтар кісі еді", "Пугачевадан қалысқысы келмей жүр", "Қазақтың қызы не киіп алған шаянға ұқсап" деп жазды желідегілер.
01 мамыр 2019 ж. 3 182 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930