Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл – ұлттың тұғыры

Тіл – ұлттың тұғыры

Ана тілі – әр ұлттың рухани өзегі, ғасырлардан жеткен асыл мұрасы. Адамның бойына ана сүтімен сіңген тіл арқылы халықтың тарихы, салт-дәстүрі мен ұлттық болмысы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Тіл – өткенді бүгінмен сабақтастырып, келешекке жеткізетін алтын арқау.
Сондықтан ана тілімізді ардақтап, қадірін білу – әр азаматтың парызы. Тілді сақтау – ұлттың рухын, елдің бірлігін және ұлттық сананы сақтау. Өйткені тіл – халықтың жүрегінде мәңгі жасайтын ұлы құндылық.
Қазақ халқы ғасырлар бойы туған жері мен ана тілін көзінің қарашығындай қорғады. «Аттың жалында, түйенің қомында» жүріп, талай қиындықты бастан өткерген ата-бабамыз бізге кең байтақ даламен қатар, қасиетті қазақ тілін де аманат етті. Ендеше сол аманатқа адал болу – бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Жасыратыны жоқ, ақпараттық технологияның дамуы, жаһандану және көптілді орта адамның сөйлеу мәдениетіне өз ықпалын тигізуде. Өзге тілдерді меңгеру – білім мен өркениетке бастайтын мүмкіндік. Бірақ басқа тілді үйрену ана тілімізді ұмыту дегенді білдірмеуі керек. Қадір Мырза Әлидің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөзі осыны ойды қостап тұрғандай. Бірнеше тіл білу – үлкен артықшылық. Дегенмен адам өзге тілдерді қаншалықты жақсы меңгерсе де, өзінің туған тілін қадірлеуі қажет. Себебі халықты басқа ұлттардан даралайтын басты құндылықтардың бірі – оның тілі мен мәдениеті.
Қазақ тілінің болашағы ең алдымен өзімізге байланысты. Көшеде, қоғамдық ортада, жұмыста, достарымызбен сөйлескенде ана тілімізді қолданудан ұялмауымыз керек. Әсіресе бұл тәрбие отбасынан басталғаны жөн. «Отан отбасынан басталады» демекші, баланың ана тіліне деген құрметі ата-анасының күнделікті сөзінен, қарым-қатынасынан қалыптасады.
Қуантатыны, бүгінде қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытып жүрген өзге ұлт өкілдері де бар. Бұл – ана тіліміздің қадір-қасиетінің жоғары екенін көрсететін жақсы үрдіс. Қазақ тілі өзінің бай сөздік қорымен, көркемдігімен, әуезділігімен ерекшеленеді. Сондықтан оны өзгелерге үйретіп, өзіміз күнделікті өмірде кеңінен қолдануымыз қажет.
Әлемде мыңдаған тіл бар, ал олардың кейбірі уақыт өте келе қолданыстан жоғалып барады. Тілдің өміршеңдігі оны қанша адамның күнделікті қарым-қатынаста қолданатынына байланысты. Қазақ тілінің болашағын мемлекет қана емес, әрбір қазақ азаматы қалыптастырады. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлының «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген даналығын жадымыздан шығармай, бізге берілген аманатты аялауға ниетті болуымыз керек. Себебі, ана тілімізді сақтау – өткенді құрметтеу ғана емес, болашақты қорғау.
Бір сөзбен айтсақ, қазақ тілі – біздің ұлттық болмысымыз, тарихымыз бен рухымыздың айнасы. Сондықтан оны құрметтеу сөзбен ғана емес, күнделікті ісімізбен көрінуі керек. Өз тілімізде сөйлейік, оны қадірлейік, кейінгі ұрпаққа таза күйінде жеткізейік. Тіліміз жасаса, ұлтымыз да жасайды. Қазақ елінің болашағы жарқын болуы үшін ана тілімізді ардақтау әрқайсымыздан басталуы тиіс.

Ерасыл ДӘСТЕНОВ,
Ғ.Мұратбаев ауылдық округі
әкімінің аппараты КММ әдіскері
29 қыркүйек 2026 ж. 28 0

Тіл – ұлттың тұғыры

29 қыркүйек 2026 ж. 29

Қажырлы еңбек – ел мерейі

29 қыркүйек 2026 ж. 30

Балабақша – тәрбие бастауы

29 қыркүйек 2026 ж. 31

Доллар тағы арзандады

28 қыркүйек 2026 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930