Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғатты түлеткен тұқымбақ

Табиғатты түлеткен тұқымбақ

Сыр өңірінде орман қорын ұлғайтып, экологиялық тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қазалы ауданындағы тұқымбақтар осы істің негізгі тірегіне айналып отыр.
Жуырда облыс әкімі Мұрат Ергешбаев пен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Қазалы ауданындағы орман тұқымбақтарының жұмысымен танысты.
Алдымен Қазалы қаласында жаңадан іске қосылған орман тұқымбағының жұмысы көрсетілді. Мемлекет басшысының орман қорын молайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған жоба Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүзеге асқан. Жоба құны – 440 миллион теңге.
33,5 гектар аумақты алып жатқан нысан 16 арнайы техникамен қамтылған. Мұнда қара сексеуіл, жапырақты және жеміс дақылдары, үйеңкі секілді ағаш түрлерінің көшеттері өсірілуде. Негізгі бағыттың бірі – елді мекендер маңында қорғаныш жасыл белдеулер қалыптастыру. Тұқымбақта 45 адам еңбек етеді.
Бұдан бөлек, делегация республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығының тұқымбағында болды. 32 гектар аумақтың 17 гектары орман алқабына тиесілі, 15 гектары жайылым ретінде пайдаланылуда.
Мұнда жылына 1-1,5 миллион дана көшет өсіріледі. Аймақтың табиғи жағдайына бейімдеу мақсатында айлант, катальпа, туя сияқты 10 түрлі ағаш түрі жерсіндіріліп, бес түрлі жеміс ағашы өсірілуде.
Тұқымбақтың жұмысы Арал өңіріндегі экологиялық шаралармен де тікелей байланысты. Арал теңізінің құрғаған табанына отырғызылатын сексеуіл көшеттері осында дайындалады. Биыл сексеуіл көшетін егу жоспарланып отыр. Қазір орталықта 41 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Қазалыдағы бұл екі нысан өңірдің көшет қорын қалыптастырып қана қоймай, Сырдың шөлейтті аймақтарын көгалдандыру, қорғаныш орман белдеулерін кеңейту және Арал табанын бекіту жұмыстарына қажетті материалмен қамтамасыз етуде. Табиғи жағдайы күрделі өңірде мұндай тұқымбақтардың өндірістік қуатын арттыру – экологиялық жобалардың нәтижелілігін қамтамасыз ететін маңызды бағыт болып қала бемек.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
29 қыркүйек 2026 ж. 31 0

Тіл – ұлттың тұғыры

29 қыркүйек 2026 ж. 29

Қажырлы еңбек – ел мерейі

29 қыркүйек 2026 ж. 30

Балабақша – тәрбие бастауы

29 қыркүйек 2026 ж. 31

Доллар тағы арзандады

28 қыркүйек 2026 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930