Күн ашық, кей жерлерде үсік жүреді: 29 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Еліміздің басым бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады, елдің солтүстік жартысында 1-3 градус үсік сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 жылы, топырақ бетінде 3 градус үсік, күндіз 17-19 жылы.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік бағытта секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 21-23 жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - жауын-шашынсыз.
Жел солтүстік бағытта секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 12-17 жылы.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 жылы.
Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 3 градусқа дейін үсік, күндіз 15-20 жылы.Көкшетау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан түнде 3-8, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 жылы, топырақ бетінде 2 градус үсік, күндіз 16-18 жылы.
Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік бағытта секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-12 жылы, облыстың таулы аудандарында 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, күндіз 20-25, облыстың таулы аудандарында 10-15 жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік бағытта секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 жылы.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, облыс орталығында, таулы аудандарында 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, күндіз 20-25, облыстың таулы аудандарында 17 жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 21-23 жылы.
Түркістан облысы - облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың таулы аудандарында 6, күндіз 21-26, облыстың таулы аудандарында 18 жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 23-25 жылы.
Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жел шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде, батысында 10, күндіз 18-23 жылы. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 жылы.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың шығысында 3, күндіз 20-25 жылы.
Атырау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан түнде 1-6, күндіз секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 22-24 жылы.
Маңғыстау облысы - күндіз облыстың оңтүстік-батысында аздаған жаңбыр. Жел шығыстан 9-14, облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың солтүстігінде 7, күндіз 22-27 жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 жылы.
Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік, күндіз 17-22, облыстың батысында 25 жылы. Ақтөбе - ашық. Жел солтүстік-шығыстан 2-7, күндіз екпіні секундына 10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 19-21 жылы.
Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Жел шығыстан 7-12, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсік, күндіз 17-22 жылы. Қостанай - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 жылы, топырақ бетінде 2 градус үсік, күндіз 17-19 жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік, күндіз 15-20 жылы. Петропавл - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан түнде 1-6, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 жылы, топырақ бетінде 2 градус үсік, күндіз 18-20 жылы.
Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12, күндіз облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 3 градус үсік, күндіз 14-19 жылы. Павлодар - айнымалы бұлттылық сақталады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа
ауа температурасы түнде 1-3 градус үсік, күндіз 16-18 жылы.
Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5, облыстың оңтүстігінде 10 жылы, облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді, күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде 21 жылы. Қарағанды - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні 15 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 жылы, топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді,
күндіз 15-17 жылы.
Ұлытау облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 25 жылы. Жезқазған - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні 15 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 3 градус үсік жүреді, күндіз 14-19 жылы. Өскемен - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус үсік, күндіз 16-18 жылы.
Абай облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, облыстың батысында, орталығында 3 градус үсік жүреді, күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде 24 жылы.
Семей - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 жылы, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз 16-18 жылы.
Қызылорда облысы - түнде облыстың солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 20-25 жылы. Қызылорда - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 жылы.
Жамбыл облысы - облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың таулы аудандарында 4, күндіз 21-26, облыстың таулы аудандарында 17 жылы. Тараз - айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 жылы.









