Жанболат жүк тасушы да болған
Әнші Жазира Байырбекова мен Жанболат Байбатыровтың жарасымды жұбына көпшілік қызыға қарайды. Жұлдызды жұптың жары бұл биікке жету жолындағы қиындықтарын "Жеңіс шоу" бағдарламасында жайып салды.
Отбасы бір өнер иелері Арал қаласынан Алматыға көшіп келіп, күн көріу үшін түрлі жұмыспен айналысқан. Бұл туралы Жазира Байырбекова үлкен сахна түгілі мейрамханада ән айту өздері үшін жетістік болғанын атап өтті.
"Біз өнер жолын мейрамханада ән айтудан бастадық. Оған дейін біз қара жұмыс істедік. Жанболат күндіз жүк тасушы болды. Кешке екеуіміз мейрамханада ән айтамыз. Оның алдында жеміс-жидек сатамыз. Осындай қара жұмыстар жасап жүріп, мейрамханада ән айту ойымызға келді. Оның өзі бізге араман еді", - дейді Жазира.
Сұхбат барасында өздірін Аралдағы мәдениет үйіне де жұмысқа алмағанын да айтып кеткен.
Байырбекова бұл туралы:
"Екеуіміз Аралдағы мәдениет үйіне бардық. "Бір ғана орын бар, Жазираны аламыз, Жанболатты кейін аламыз", – дейді. Үйге барып, енемнен рұқсат сұрадық. Ол кісі "Екеуіңді бірге алмаса, кірмей-ақ қойыңдар" – деді. Сосын екеуіміз де ол жұмысқа бармадық", - дейді өткенді еске алып.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат