Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Қуыршағым": Жазира Байырбекова күйеуі қалай еркелететінін айтып берді

"Қуыршағым": Жазира Байырбекова күйеуі қалай еркелететінін айтып берді

Жазира Байырбекова күйеуі қалай еркелететінін жеткізді, деп хабарлайды qazaly.kz "Жеңіс шоу" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат қазақ сахнасына жылулық сыйлап жүрген әншілердің бірі. Өмірде де, өнерде де бірге жүрген жұптың бір-біріне деген сезімі ерекше. Жазира Байырбекова сүйікті жарының өзін қалай еркелететінін айтып берді.

"Жанболат мені әртүрлі сөзбен еркелетеді. "Қуыршағым" дейді. Еркелететін сөздер көп, жаным деп те айтады. Енді атыма келгенде Жазира деп айтады. Қысқартып айтып көрген жоқ", - дейді Жазира Байырбекова.

Сонымен қатар, Жазира Байырбекова ер адамның өмірдегі алатын орнына тоқталуды жөн көрген. Ол келіншектерге күйеуіңіздің рұқсатын алмай, ешқандай көмек те жасамаңыз, қайырымдылық та көрсетпеңіз дейді. Тек ер адам рұқсат берген істің ғана берекесі болатынын жеткізді әнші.

"Мен 23 жыл күйеуіммен тұрғанда түйгенім, әйел адам күйеуінің рұқсатынсыз бір нәрсе жасаса, берекелі болмайды екен. Мен жасап көрдім. Күйеуімнен киім аламын, бояу аламын деп ақша сұрап алып, бір адамдарға көмектестім. Бірақ олар нәтижелі болмады. Сол кезде күйеуімнің рұқсатынсыз ештеңе жасамаймын деп уәде бердім", - дейді Жазира Байырбекова.
19 тамыз 2019 ж. 2 812 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930