Денсаулыққа арналған пайдалы кеңестер
Адам үшін денсаулықтан артық байлық жоқ. Бақыттың 90 проценті дұрыс денсаулықта екенін ұмытпаңыз. Осы орайда, назарларыңызға денсаулыққа қатысты пайдалы кеңестер тізбегін ұсынамыз.
Қатты ыстық тамақ ішпеңіз
Ыстық тағамдар ағзадағы микробтармен күресетіні белгілі. Алайда, сол бактериялардың ішінде пайдалылары да бар екені рас. Адам ағзасындағы тіндер өте нәзік келеді, сол үшін ыстық тағам олардың тіршілігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе, қалқанша безінің жұмысына бұл кедергі келтіреді. Ауыздан жағымсыз иістің шығуы да осыдан. Сіз ішетін тағам мен сусындар цельсий өлшемі бойынша 45 градустан аспауы тиіс.
Суды бірнеше рет қайнатпаңыз
Су қайнаған сайын өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Ал суды бірнеше рет қайнату арқылы оның ағзаға тигізетін зиянын да арттыра түсеміз. Негізі, суды қайнатпай-ақ, оны фильтрден өткізіп алған дұрыс. Құдықтан алынған судың да зиянды тұстары бар. Соңғы кездері құдық суынан мышьяк табылуда, бұл ағза үшін у болып есептеледі.
Суды көбірек ішіңіз
Ағзаны қалпында ұстау үшін күніне 2 литр су ішу керек. Одан артық ішудің қажеті жоқ. Екі литрден артық су ішсеңіз, су ағзадағы зиянды бактериялармен бірге пайдалысын да алып кетуі мүмкін. Егер нақтырақ айтатын болсақ, әр адам өзінің бір келі салмағына 30 мл су ішкен дұрыс. Мысалы, сіздің салмағыңыз 70 келі болса, онда күніне екі литр су ішесіз. Ал салмағыңыз 80 келі болса, 2,5 литр су пайдаланасыз.
Жаңғақ жеңіз, ол өмірді ұзартады
Жаңғақты күн сайын жесеңіз де артық емес. Өйткені, оның құрамында Е дәрумені бар. Сондай-ақ, жаңғақ адам ағзасының қартаю процесін баяулатады. Ең пайдалы жаңғақ деп грек жаңғанын атауға болады. Грек жаңғанын күніне 100 грамнан артық жемеңіз, өйткені, шамадан тыс жеудің де өзіндік проблемалары бар. Күнбағыс шемішкесін де аздаған мөлшерде пайдаланған денсаулыққа қауіпті емес. Тек тісіңізді сақтау үшін оны қолмен шағыңыз.
Газ плиталарынан бас тартыңыз
Егер үйіңізде газ плитасы болса, оны тезірек электрлі плитаға ауыстырған дұрыс. Газды сөндірген соң оның зияны ауада қалып қоятынын ескертеміз. Ауада қалған газ шөгіп, қара күйеге айналады. Әлгі күйе сіздің өкпеңізге түсуі мүмкін. Сондай-ақ, газдың жарылу қаупі зор екенін де жақсы білесіз.
Күн сайын сабынмен жуынбаңыз
Күн сайын сабынмен жуыныу теріңізді құрғатып жібереді. Сондай-ақ, сабынды жиі пайдалану арқылы біз терімізді инфекция мен тезірек қартаюдан қорғап тұратын қатарды да жуып тастаймыз. Аптасына 1-2 рет сабынмен жуыныңыз да, қалған уақытта тек қана сумен шайыныңыз. Сабынның орнына душқа арналған гель пайдаланған әлдеқайда пайдалы.
Адреналинді көбейтіңіз
«Үй-жұмыс-үй» деп жүретін жандар үшін адреналинді арттыру керек-ақ. Мұндай қызықсық график арқылы сіз өмірдің кереметтігін түсіне алмайсыз. Достарыңызбен қыдырыңыз, жұмыс пен тұрмыстағы проблемалардан әбден демалыңыз. Немесе, аттракционға барып көңіл көтеріңіз. Парашютпен секіріңіз. Мұның бәрі сіздің сергек әрі көңілді жүруіңізге әсер етеді.
Шылым шегуден бас тартыңыз
Темекіден бас тарту сіздің денсаулығыңызды ғана емес, экономикалық жағдайыңызды да жақсартады. Шылым шегуді доғару арқылы сіз ағзаңызды көптеген зиянды заттардан қорғайсыз. Орта есеппен темекі құмар адам күніне 20 шылым шекті деп есептейтін болсақ, бір шылымды шегіп бітіргенше 3 минут уақыт кетеді. Бір күнде оның темекі шегуге бір сағаты кетеді, ал бір жылда 365 сағат жұмсайды. Медициналық зерттеу нәтижесінде, шылым адам өмірінің 7-10 жылын қысқартатынын дәлелденген. Сондай-ақ, темекі шеккеннен кейінгі жағымсыз иіс өзіңізге де, айналадағы адамдарға да ұнамайтыны белгілі. Жылына 600 мың адам темекі шегуден келетін түрлі сырқаттардан көз жұматынын есте сақтаңыз.
Колбаса сатып алуды доғарыңыз
Құрамында канцероген бар заттардан түгелдей дерлік бас тартыңыз. Олардың қатарына қақталған, маринадталған, консервіленген, майға қуырылған, тұздалған және натрий нитриті қосылған тағамдар жатады. 50 грамм қақталған колбасаның зияны күніне бір пачка шылымның түтінімен тең.
Ұйқыңыз тыныш болсын
Күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтаңыз. Ұйқыңыз тыныш болуы үшін бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдыру керек. Физикалық күшіңізді қалпына келтіріп, басыңызды жақсы жұмыс істеуіне ұйқының тікелей әсер ететінін ұмытпаңыз. Иммунитеттің көтеріліп, жай ғана көңілді жүрудің өзі ұйқының тыныштығынан.
Пессимизмнен арылыңыз
Үнемі көңіл-күйдің нашар болуы денсаулыққа тікелей зиян екенін көп ешкім түсіне бермейді. Көңіл-күй түскен сайын адам депрессияға шалдығады. Ал депрессияның түбі өміріңізге қауіпті ауруларға әкелуі мүмкін.