Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саят Медеуов: Етегін ашқан, ессіз клиптеріңізді жарнамалаудан ұялып біттім

Саят Медеуов: Етегін ашқан, ессіз клиптеріңізді жарнамалаудан ұялып біттім

«Онсыз да танымал мен талантты ажырата алмай жүрген ағайынның санасын уламайықшы. Мені тыңдайтын азғантай ғана тыңдарманымның талғамына сай дүние ұсынғым келеді», - деді ол.

Әнші, еңбек сіңірген қайраткер Саят Медеуов жас әншілерге үндеу жасады. Ол қазіргі жұлдыздардың туындысы мен бейнеклиптерінен ұялатынын айтты. 
«Құрметті әншілер, соның ішінде кейінгі жастар! Әндеріңіз бен бейнебаяндарыңызды инстаға жарнамалап берші деп өтініш жасарда, сәл ойланыңыздаршы. Сөзінен мән қашқан, өзге ұлттың сөзін олжа көріп шатасқан әнсымақ пен етегін ашқан, ессіз клиптеріңізді жарнамалаудан ұялып біттім», - деді әнші. 
Сондай ақ, Саят Медеуов әншілерден халықтың санасын уламауға шақырды.
«Онсыз да танымал мен талантты ажырата алмай жүрген ағайынның санасын уламайықшы. Мені тыңдайтын азғантай ғана тыңдарманымның талғамына сай дүние ұсынғым келеді. Біздің алшаң басып жүргеніміз осы Алаштың арқасы. Ендеше, елге деген адалдықты аялап, өнердің биік тұғырын аласартпай өмір сүрейікші. Құрметті әріптестер түсінесіздер деп ойлаймын», - деп жазды әнші өз Facebook-парақшасында.
31 шілде 2019 ж. 1 308 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31