Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Маған оны көрсетпеңдер дедім": Гүлзира Айдарбекова келіні туралы сұраққа жауап берді

"Маған оны көрсетпеңдер дедім": Гүлзира Айдарбекова келіні туралы сұраққа жауап берді

Қайрат Нұртастың анасы келін тәрбиелеудің қыр-сыры, отбасы табысын бөлу мен болашақтағы жоспарлары туралы айтты. Гүлзира Айдарбекова өзінің өмірлік ұстанымы мен отбасындағы келін-бала тәрбиесі туралы ойымен Қарақатпен шай бағдарламасына берген сұқбатында бөлісті.

Қарақат бағдарлама қонағынан келін тәрбиелеудің сыры қандай, он жыл бойы келініңіз Жұлдыз "мен отырып қалдым ғой" деп анасы ретінде сізге өкпе-ренішін айтқан жоқ па? деген сауал қойды.

"Маған оны көрсетпеңдер дедім..."
"Мен тек отбасына емес, бүкіл елге есеп беремін. Сол үшін маған қиын болады. Жұлдызға: "Сен менің артымнан ерген келінсің, өмірімнің жалғасысың, қай кезде болса да, көмегің керек дедім. Ең бастысы, Қайратпен менің көзімше ұрсыспаңдар деп сұрадым. Өз бөлмелеріңде ұрсысыңдар. Маған оны көрсетпеңдер дедім. Менің сол сөзімді Жұлдыз қаншама жылдар бойы орындап келді", - деді Қайраттың анасы.

Бұдан соң жүргізуші Гүлзира Айдарбековадан: "Жұлдыз кәсіби актриса екенін жұртшылыққа дәлелдеді. Өнерді де, өмірді де бірге алып жүруге болады, осы қыздың бағын байладым-ау деген бір әттеген-ай болмай ма?" дегенді де сұрады.

"Жұлдыз еш нәрсе жоғалтқан жоқ деп ойлаймын. Ол кез келген сахнадан, қап-қап алтын мен гауһардан да артық нәрсеге қол жеткізді. Төрт баланы өсіріп жетілдіру деген оңай емес. Менің өзімнің жұлдызым осы қырықтарға жақындағанда ғана жанған шығар. Ол да өзімнің емес, баламның арқасы. Өзімнің армандарым орындалған жоқ. Тележүргізуші болуды армандайтынмын. Құдайдың өзі арманды орындайды екен. Мені балам арқылы халыққа танытты", - деп жауап берді ол.

Келіндерін бөліп жара ма?
Халық Гүлзира Айдарбековаға келіндерін бөліп жарады деген сын айтқан. Ол бұған қатысты өз ойын жеткізді.

"Көбі Әйгерімді неге бөлесіз деп айтады. Мен Әйгерімді де салып отырамын (әлеуметтік желіге), Жұлдыз туралы онсыз да он жыл бойы айтпай келдім. Қалай айтсам да, жарасады ғой",- деді әншінің анасы.

"Тамақты Қайраттың ақшасына алмаймыз" сондай-ақ, Гүлзира Айдарбекова үйде табысты қалай бөлетіндерін де жасырмай айтып берді. "Осы уақытқа дейін Қайрат маған осындай ақша бер деп айтып көрген жоқ. Жолдасымыз екеуіміз ол ақшаны өзімізге ғана жаратпаймыз. Оған үй, көлік алу немесе клип, фильм түсіру керек болса, ақшаны бөліп, ыңғайластырып отырамыз. Жолдасым үлкен бизнес жасап жатыр. Астанамызда сауда үйін саламыз", - деп алдағы жоспарларымен бөлісті.
Оның айтуынша, Қайраттан кейінгі екі ұлы да жеке кәсіппен айналысады.

"Тамақты Қайраттың ақшасына алмаймыз. Аян әкеледі, үйдің шығынын Заңғар төлейді. Әкесі бауырлары бір-бірімен дүние бөліспесін деп үйретеді. Келіндерді біраз жыл қолымызда ұстайтынымыз да сол", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Қайраттың анасы баласынан басқа Мейрамбек Беспаев, Ұлықпан Жолдасов, Мақпал Жүнісова, Саят Медеуов пен Қарақаттың әндерін сүйіп тыңдайтынын айтты. Алдағы уақытта немерелері Алау мен Ханға продюсер болуды армандайтынын да жасырмады.




03 шілде 2019 ж. 4 032 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930