Соңғы уақытта елде болып жатқан оқиғаларды көріп, жағамызды ұстайтын жайымыз бар. Әйтсе де әлемде не болып жатқанын біле бермейміз. Арнайы айдар ашып, ғаламда болып жатқан оқиғалармен бөлісуді жөн көрдік....
«Біреулерді қызмет көріктендірсе, енді біреулер қызметінің өзіне көрік береді», – деген атақты жазушы Ғабит Мүсіреповтің сөзі еске түскенде бойындағы бар адами болмысын, құдай дарытқан қасиетін қызметке арнаған азаматтар ойға оралады. Расында да қолы тиген шаруаның шырайын келтіріп, еңбекқорлығымен елге...
«Бала – барым» деген халқымыз ежелден ұрпағының тәрбиесін ұмыт қалдырмаған. Ертеңіне елеңдеген ел есті сөз айтып, есіктен шықпаған елеулісіне отбасы, руы, ауыл-аймақ, тіпті ұлт болып алаңдаған. Бала өсіру бейқамдықты көтермейді. Қорғансыз қалған кішімен ісі болған үлкендердің үрейлі әрекетіне кім кінәлі?...
Есіңізде ме? Оқушы кезімізде сабақ аяқталысымен анамыз бәліш алуға берген ақшаны компьютер орталығына барып жұмсаушы едік. Сол кездегі «Шіркін, осы ойынды ойнап ақша тапсақ» деген бала арманымыз бүгінде шындыққа айналды. Иә, киберспорт аз уақыт ішінде барлық ойыншыны біріктіретін және бүкіл әлем бойынша...
Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аудандық аналар кеңесі 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Бар мейірім балаларға» деген атауымен арнайы шара ұйымдастырды. Ерекше қолдауды қажет ететін балаларға қуаныш сыйлауға бағытталған бұл шара «Ассалам» мейрамханасында өтті....
Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай аудан әкімдігі мен Қорқыт Ата университетімен бірлесе ұйымдастырылған «Тарих. Тағдыр. Тағылым» атты тарихи-танымдық конференция өтті....
Жуырда Бекарыстан би ауылында үлкен той болды. Дәлірек айтсақ, пейілі кең, көңілі дархан, қойнауы құтқа толы, береке-базары үзілмеген Бекарыстан би ауылының ғасыр тойымен қатар ауылдың мәдениет ордасына 50 және №24 білім ұясына 90 жыл толуына орай “Ауылым – алтын бесігім” атты облыстық драма үйірмелері...