Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өтті

«Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өтті

Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп қағидаты» аясында «Тәртіп пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі» тақырыбында ашық диктант өтті.
Аталған шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тілдік сауаттылықты арттыру, қызметтік жауапкершілік пен тәртіп мәдениетін нығайту, сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесін көтеру болды.
Іс-шараға облыстық басқармалар, департаменттер мен инспекциялардан 100-ден аса мемлекеттік қызметші қатысты. Қатысушылардың білім деңгейін жетілдірумен қатар, олардың кәсіби және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Шараның ашылуында басқарма басшысының орынбасары
У. Ибраев сөз сөйлеп, «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудағы және қызметтік тәртіпті нығайтудағы мұндай бастамалардың рөліне ерекше назар аударып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ашық диктант мемлекеттік қызметшілердің тілдік мәдениетін дамытуға және кәсіби жауапкершілігін арттыруға оң әсерін тигізді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырылатын болады.

#ЗаңменТәртіп
#Заңүстемдігі
#Заңбәрінеортақ
#АдалАзамат
#Жауапкершілік
24 ақпан 2026 ж. 165 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930