Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген пакеті туралы білесіз бе?

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген пакеті туралы білесіз бе?

Аудан көлемінде халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығын нығайту мақсатында акредиттелген зертхана «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының Қазалы аудандық бөлімше мекемесі қызмет атқарып келеді.
Біздің қызметіміздің басты міндеттерінің бірі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде жұқпалы аурулармен күресу, сараптама жүргізу ,зерттеу сонымен қатар жұқпалы дерттердің алдын алу.
Ұлттық сараптама орталығы Қазалы аудандық бөлімшесі аса қауіпті жұқпалы аурулар зеттеулері мен бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар бойынша арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде біздің саламызға қатысты зерттеулер қызметтерін атқарады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматына тегін көрсетілетін (мемлекет есебінен қаржыландырылатын) төмендегі мынадай медициналық қызметтер жатады:
Жедел және шұғыл медициналық көмек, әлеуметтік маңызы бар және қауіпті инфекциялық аурулар кезіндегі амбулаториялық және станционарлық ем, алдын алу, скрининг және профилактикалық тексерулер, созылмалы ауруларды динамикалық бақылаулар жатады. Сондай-ақ жүкті әйелдер мен 18 жаска дейінгі жасөспірімдердің профилактикалық тексерулері. Бұл қызметтерді алу үшін міндетті сақтандырудың болуы талап етілмейді.
Тегін қызмет көрсетудің негізгі жолдарын түсіндерсек.
ҰСО қызметіне қалай жүгінуге болады?
Жергілікті емхана арқылы дәрігер көрсеткіштерге байланысты зерттеуге жолдама береді.
Жолдама электронды жүйе арқылы Ұлттық сараптама орталығына түседі. Дәрігер маманның жолдамасы бойынша, егер қосымша зерттеу қажет болса, маман Ұлттық сараптама орталығының зертханасына бағыттама рәсімдейді.
Нәтижелерді алу жолдары былайша жүреді. Жергілікті емхана және емдеуші дәрігер арқылы Электронды жүйелерді (Damumed, EИИСЗ) қағаз түрінде (сұрау бойынша) б өлімше бойынша төмендегі зерттеулер түріне қызметтер жасайды. Яғни, сарып ауруына (бруцеллез), менингококкқа мұрын-жұтқыншақ шырышты; сынамаларын тексеру, дисбактериозға нәжіс сынама, сальмонеллез, дизентерия сынама, жұтқыншақ және мұрыннан бөліндіні стафилококкқа тексеру жатады.
Сондай-ақ дифтерияға мұрыннан және жұтқыншақтан бөліндіні тексеру, жұтқыншақтан, жаралардан, көзден, құлақтан, зәрден басқа да заттардан микрофлораны анықтау, биологиялық материалды кандидаға бактериологиялық зерттеу, стерильділікке қан сынамаларын тексеру, паразитологиялық зерттеулер, антибиотиктерге сезімталдықты анықтау.
Аудандық Ұлттық сараптама орталығы зертханалары ГОСТ ISO/EIC 17025-2019 стандартына сай аккредитациядан өткен санитариялық гигиеналық, бактериологиялық, паразитологиялық зерттеулер зертханалары II, III, IV патогенді биологиялық агентермен жұмыс істеуге арнайы рұқсаты бар, жоғары дәрежелі мамандармен және заманауй жабдықтар мен халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасайтын мекеме.
Біздің зерттеу қорытындылары жоғары дәлділік пен жеделділікті қамтыған. Сапалы қызмет біздің міндетіміз, ал Сіздің сеніміңіз – біздің басты құндылығымыз. Біз әрқашан Сіздерді күтеміз.

Ә. ҚОСЫМОВА,
«Ұлттық сараптама орталығы»
Қазалы аудандық бөлімшесінің басшысы
24 ақпан 2026 ж. 38 0

БАҒА БАҚЫЛАУДА

24 ақпан 2026 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728